Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«БӨБЕКТЕ» бүлдіршіндер көп - АРҚА АЖАРЫ

«БӨБЕКТЕ» бүлдіршіндер көп

Б о з а й ғ ы р а у ы л ы н д а ғ ы « Б ө б е к » б а л а б а қ ш а с ы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тəрбие беру жұмысын атқарып отырған өнегелі мекеме. 1980 жылы салынған екі қабатты ғимарат өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында біраз уақыт иесіз қаңырап тұрды.

Кейінірек қалпына келтірілген бала бақша бүлдіршіндерге тəлім- тəрбие беру ошағына айналды. Дегенмен, ескі ғимараттың бірде шатырынан су ағып, енді бірде жылу құбыры жарылып дегендей əуресі көп болды. Осы орайда, жергілікті əкімдік аудан, одан əрі облыс басшылығына шығып, 2011 жылы облыс бюджетінен 65 миллион теңге қаржы бөлініп, бала бақшада күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл қаржы жетпегендіктен, толықтай қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мүмкін болмады. Осыған орай, 2015 жылы республикалық бюджеттен 211 миллион теңге қаржы қарастырылып, ғимарат түгелдей қайта жөндеуден өткізілді. Осылайша өмірге екінші рет жолдама алған бала бақша қазіргі заман талабына сай жарақталып, бүлдіршіндерге саналы тəрбие, сапалы білім беретін орынға айналды. 140 орындық мекемеде бүгінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер тəлім-тəрбие алып жатыр. Бала бақшаны 2010 жылдан бері тəжірибелі ұстаз, іскер ұйымдастырушы Ғалия Дайтова басқарып келеді. Ескірген ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, заман талабына сай жабдықталуына, білікті маман- дармен толықтырылуына іскер басшының тікелей ықпалы болғаны анық. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын Ғалия Төлешқызы аудандық мəслихаттың де- путаты. Техникалық қызметкерлерді қосқанда бүгінгі күні 38 адам еңбек етеді. Олардың 12-сі тəрбиешілер. «Мамандармен қамтамасыз ету мəселесі толық шешілген. Тəрбиешілеріміздің бəрі жоғары жəне арнау- лы орта білімді тəжірибелі мамандар», – дейді бала бақша меңгерушісі. Өткен жылы «Дип- ломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша келген жас тəрбиеші Гүлнұр Ысмайылова мемлекеттік бағдарлама шеңберінде пəтер алыпты. Тағы бір жас маман Айзада Ахатова да таяу болашақта баспаналы болмақ. Ат а-ана лар ба ла ларының т амағы үшін айына 6500 теңге төлеп тұрады. Қалған шығындар мемлекет есебінен. Бүлдіршіндердің саналы тəрбие, уақыт та- лабына сай жақсы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап отырған бала бақша қызметі үшін төленетін бұл ақы көлемі оншалықты жоғары емес. Яғни, оның қызметі ата-аналар үшін қолжетімді болып отырған жайы бар. Қазақ жəне орыс тілдерінде тəлім беретін бала бақша тəрбиеленушілері ауылда өтетін барлық көпшілік-мəдени шараларға белсене қатысады. Балдырғандардың əн салып, би билегенін, сахналық көріністер көрсетіп, ойындар ойнағанын тамашалау ересек көрермендер үшін қызық қана емес, қуанышты да.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

. Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар