Көкшетау қаласының маңындағы экопарк аумағында өлкетанушылар слеті болып өтті. Ол еліміздің тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
Қалалық білім бөлімі мен «Əулет» м е к т е п т е н т ы с ж ұ м ы с о р т а л ы ғ ы ұ й ы м д а с т ы р ғ а н ш а р а н ы ң н е г і з г і мақсаты – балалар туризмін дамыту. Слетке қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 114 оқушы қатысты. Олар 14 топқа бөлініп өнер көрсетті. Əр топ алдын ала бекітілген бағытты өздігінен жаяу жүріп өтіп, берілген парақшаны тол- тырды. Осы орайда, олардың өте белсенді болғанын атап өтуге болады. Қазылар алқасының шешімі бойынша жарыс шартын жақсы орындап шыққан №12 орта мектептің оқушылары жеңімпаз атанды. Ал, №1 жəне №17 орта мектеп- терден келген топтар екінші жəне үшінші орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар жəне бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты