Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеңөткелдіктер жағдайы назарымызда болады - АРҚА АЖАРЫ

Кеңөткелдіктер жағдайы назарымызда болады

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2016 жылғы 16 маусымдағы санында жарияланған Көкшетау қаласының тұрғыны Аманжол Ахметжановтың «Шағын ауылдың үлкен мəселелері» мақаласына байланысты мынаны хабарлаймыз:

«Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының ауыл қасындағы пайдаланып отырған жер асты сулары республиканың жер қойнауындағы байлығына жатады жəне де бұл мекеме бюджетке қажетті салығын төлеп отыр. Ұңғыманың орналасу орнын көрсету өндірушінің өзінің айрықша құзыреті болып табылады. Кеңөткел ауылында жалпы 1798 гектар егіс алқабы бар 21 шаруа қожалығы жəне жалпы 720 гектар егіс алқабы бар «Шағала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркеліп, жұмыс істеп жа- тыр. «Шағала» ЖШС-інің 82 үлескері бар. Жыл сайын егіннің шығуына байланысты орта есеппен əр үлескерге 300 келі бидай, 200 келі арпа жəне əлеуметтік серіктестік шеңберінде тегін 3 тонна сабан беріледі. Ауылда 70 үй бар. 305 адам тұрады. Осы ауыл қарайтын Троицк ауылдық округі əкімдігінің мəліметі бойынша ауыл тұрғындарының меншігінде 890 бас ірі қара, 375 бас жылқы, 520 бас қой бар. 677 гектар жайылым жер бекітілген. Жайылым жерлердің тапшылығына байланысты əрі ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы құрылымдарында егістік жəне жай- ылым жерлерінің үлестері бар болғандығына орай, халыққа өз малдарын осы құрылымдар есебінен қосымша жайылымдарға бағуға рұқсат берілген. Жол қатынасына келетін болсақ, қысқы кезеңде Кеңөткел ауылынан «Көкшетау – Атбасар» тас жолына дейін, Кеңөткел мен Айдарлы – Қарсақ ауылдарының жолдарына дейінгі жерлерді қардан тазарту меморандум бойынша «Шағала» ЖШС жəне «Қошпан» ШҚ көмектерімен жүргізілді. «Көкшетау – Атбасар» тас жолында автожол- дарды тазарту жұмыстарын дəл осылай «Зеренді – Астық» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Айтқожин», «Грань», «Шоқ қарағай» ШҚ атқарды. 2016 жылдың мамыр айында əлеуметтік əріптестік шеңберінде «Көкшетау минералды сулары» АҚ жəне «Зеренді Сервис» ШЖҚ МКК- ның арнайы техникасымен Кеңөткел ауылынан «Көкшетау – Атбасар» тас жолына дейін жабыңғы төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, «Көкшетау – Атбасар» тас жолынан Қошқарбай – Кеңөткел – Троицк – Қарсақ ауыл- дарына дейінгі автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру жəне тегістеу бойынша жұмыстар атқарылды. Ауылдың негізгі мектебінде 44 оқушы білім алады. 2011 жылы жергілікті бюджет есебінен мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Содан бері тоза бастаған мектеп едені биылғы жазғы маусымда жоспарлы түрде ауыстырылады. Үлгілік ережеге сəйкес негізгі мектеп мəртебесі оқушылардың жалпы контингентінің 41-ден 80 адамға дейінгі кезінде сақталып қалады. Сондықтан, Кеңөткел мектебінің мəртебесі өзгертілмейді, жабылуға жатпайды. Шағалалы өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аудан бюджетінде ақшалай қаражаттың жоқ бо- луына байланысты мүмкін болмай отыр. Кеңөткел ауылының тұрғындары пайдаланатын аспалы көпір көктемгі су тасқыны кезінде біршама бұзылды жəне соған орай, Троицк ауылдық округінің əкімімен көпірді қайта қалпына келтіру жөнінде жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Маңызды мəселелерді анықтап шешіп отыру жəне зерделеу мақсатында ақсақалдар алқасы мен əйелдер кеңесі құрылды. Олар бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сай қызмет атқарады. Тоқсан сайын ауыл əкімімен азаматтардың жиындары өткізіліп, оған аудан əкімі аппаратының өкілдері де қатысып тұрады. Газетте ауыл тұрмысына қатысты бірқатар маңызды мəселелер көтеріліп отыр. Сондықтан, Кеңөткел елді мекенінің жағдайы алдағы уақытта назарымызда болады.

Айдос ХАМИЕВ,

Зеренді ауданы əкімінің орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар