Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кез келген журналист пен кәсіпкерге мұндай жылы лебіз айтыла бермейді - АРҚА АЖАРЫ

Кез келген журналист пен кәсіпкерге мұндай жылы лебіз айтыла бермейді

 

Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2016 жылғы 25 маусым, сенбі күнгі нөмірінде «Жұмағұл жомарт» деген тақырыппен редакция қызметкерлерінің өз ойынша тамаша бір материал жарияланған еді. Содан бері бірсыпыра адамдар редакциямызға телефон соғып, жазбаша пікірлерін жолдап, бойында үлкен азаматтық қасиеттер тоғысқан мақала кейіпкері, кәсіпкер Жұмағұл Жолдықовқа және осы материалдың авторы, қаламы жүйрік журналист Байқал Байәділовке шын жүректен ризашылық сезімдерін білдіріп жатыр. Осы орайда, оқырмандарымыздың жақсыны көре білген елгезектігі мен жанашыр пейілі бізді де қуантып, еліміздің жүрегі – Астанадан келген мына бір хаттың ізімен осы мақалаға қайта оралғанды жөн көріп отырмыз. «Арқа ажарының» үйге келетін кезекті санынан жур- налист Байқал Байәділовтің « Ж ұ м а ғ ұ л ж о м а р т » д еген мақаласын оқып, қатты т о л қ ы д ы м . Жу р н а л и с т і ң қарымы мен қалам сілтесіне д ә н р и з а б ол д ы м . Н а р ы қ қыспаққа алып, адамгершілік атты асыл қасиет көмескі тарта бастағандай болып тұрған мына қиын заман- да ұлтымыздың ұлы қасиет- терін ту еткен кәсіпкердің адамшылық болмысы, кісілік келбеті тәнті етті. Мақаланы оқи отырып, осынау азаматпен біздің «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымындағы жастар- мен кездесу өткізсе дұрыс болар еді деген ой келді. Президент Әкімшілігінде, О р т а л ы қ  с а й л ау ко м и с сиясында және Президент телерадиокешенінде қызмет жасап жүрген нұротандық ж а с т а р ы м ы з б о л а ш а қ т а ел басқаратын азаматтар болғандықтан, жоғарыдағы мақаланың кейіпкері, кәсіпкер Жұмағұл Жолдықовтың асыл қасиеттерін білулері керек- ақ. Осылай болғанда, ел болашағы да кемел болары анық. Жасыратыны жоқ, қазір қоғамда жеке кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері өз бастарын ғана ойлайтын, ақша десе әкесін де сатып жіберуден тайынбайтын жандар де- ген теріс пікір қалыптасып отырғаны шындық. Осындай жағдайда журналист Байқал Байәділовтің бұл жазғаны жылдың ең озық, мәнді де мағыналы мақаласы ретінде аталып өтуі, құрметке бөленуі керек деп ойлаймын. Міне, нағыз бүгінгі қоғамға керек, ойы мен толғанысы терең, адамшылықты асқақ ту еткен журналистік жұмыс осы десек, артық айтқандық болмайды. Бұл материалды республикалық газеттер де көшіріп жарияласа жөн болар еді. Ұлттық тәрбиеге ықпалы зор, зерделі мақаланың жер- лес қаламгеріміздің қолынан шыққаны мені қатты қуантып отыр. Жазар көбейсін, Байқал бауырым!

Смағұл РАХЫМБЕК, жазушы,

«Нұр Отан» партиясының «Самғау» бастауыш ұйымының төрағасы. Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар