Биылғы жылдың бес айында Ақмола өңірі өнеркəсіп өнімдерін өндіру бойынша еліміздің өзге облыстары арасында бірінші орыннан көрінді. Осы мерзімде облыс кəсіпорындары 177,7 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл өткен жылдың бес айындағы деңгейден 6,5 пайыз жоғары.
Өнеркəсіптің жақсы дамуы Зеренді (155,6 пайыз), Аршалы (123,8 пайыз), Астрахан (123,6 пайыз) жəне Бурабай (120,2 пайыз) аудандарында тіркелді. Биылғы жылдың бес айында өңірде 7,9 мың тонна ет өндірілді. Азық-түлік тағамдары өткен жылғы сəйкес мерзіммен салыстырғанда 37,5 пайызға артық сатылды. Оның ішінде артық сатылған 5,2 мың тонна өсімдік майы, 238,5 мың тонна ұн да бар.
Ақмола облысының статистика департаменті.