Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң бұзғандар мәселесі қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Заң бұзғандар мәселесі қаралды

Зерендіде облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаровтың қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қуаныш Жапақовтың төрағалығымен өткен отырыста өз міндеттеріне атүсті қараған бір топ мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік іс қаралды. Олардың арасында жас мамандарға мемлекеттік несие беру кезінде тиісті ережені бұзған Қорғалжын ауданының әкімі Қайыр Рыскелдинов, оның орынбасары Сағадат Аққожина, мәдениет бөлімінің басшысы Нұрлан Шалғынбаев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Алтын Сармолдинова, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлімжан Шермұхан да бар. Бұл ауданда әлеуметтік көмек алу мақсатында тапсырылған құжаттардың кейбірін уақытылы қабылдамаса, кей жағдайда тіркемеген болып шықты. Мемлекеттік несие алуға ниеттенгендердің ішінде жеке үйлері бар азаматтар да болған екен. Бұл әлеуметтік көмек алу талабына қарама-қайшы. Алайда, мұны мемлекеттік қызметшілер ескермеген. Аудан әкімі әр азаматтың жағдайы жіті тексерілген соң ғана кеңес мүшелері шешім шығарғанын айтып түсіндірді. Бұдан соң Атбасар ауданы Покровка селолық округінің әкімі Жанат Текенев аза- мат Р.Мырзабековке заңсыз артықшылық көрсетіп, оны жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдағаны талқыланды. Сәйкесінше бес ай бойы негізсіз жалақы төлегендігі анықталды. Әрі тексеріс барысында жүргізушінің қағаз жүзінде ғана жұмыс істегені белгілі болды. Отырыста селолық округтің әкімі аталған азаматты сотқа тартып, мемлекетке келтірілген шығынды өтейтінін жеткізді. Отырыс қорытындысында тиісті орындарға кейбір қызметкерлердің қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ұсыныс жолданатын болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар