Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл 1060,3 мың тонна, яғни, біржылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 905,2 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.
Бұл – қолда бар мал үшін қажетті біржылдық жемшөп қорының 85,4 пайызы. Әзірге жоспарланған шөп қорының 95,8 және 94,5 пайызын дайындап үлгерген Атбасар, Ақкөл, Астрахан және Жарқайың аудандарының пішеншілері көш басында келеді. Астрахан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Қалабаевтың айтуынша, мал азығын дайындау жұмыстарына толассыз жауған жауын қолбайлау болып отыр. Шабындық жерлерді су басқан. Соның салдарынан шабындыққа трактор кіре алмайды. Дегенмен, аудан пішеншілері ашық күндерді тиімді пайда-
ланып, шөптің мол қорын дайындау үшін ұмтылуда. Мәселен, бүгінгі таңда «Камышенка», «СХП Колутон-04» және «Ізбасаров и К» серіктестіктері 1500-1700 тонна шөпті маяларға салып үлгерді.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Астрахан ауданы