Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандық орыс жазушысы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандық орыс жазушысы

Орыс əдебиетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан жазушы Иван Шуховтың туғанына 110 жыл толуына орай, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында  «Боз далаға бауыр басып» деген тақырыптағы кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Иван Шухов 1906 жылы бұрынғы Ақмола губерниясы Петропавл уезі Пресновск казактар станицасында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ол  Қазақстандағы зор құрметке ие болған орыс жазушысы.  Көзінің тірісінде төрт томдық «Таңдамалы» шығармалар жинағы жарық көріп, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлыққа бөленген.  Жазушының  «Қасірет белдеуі», «Өшпенділік» романдары үлкен сұранысқа ие болып, оқырман тарапынан жақсы бағасын алған. Оның шығармалары неміс, француз, испан, чех, румын тілдеріне аударылған. Əдебиет сүйер қауымға «Отан», «Күрескер əскер» романдары мен  «Күн келбеті» кітабы да жақсы танымал. Қазақстандық  көрнекті  жазушы  И.Шухов халықтар достығының мəнін терең ұғынған адам. Ол өзі туып-өскен жерін, қазақ даласын аңсап тұратын. Қаламгер  қазақтың  белгілі  ақынжазушыларымен жақсы араласты. Осыған орай, белгілі ақын Əбділдə Тəжібаев: «…Ол Ғабит Мүсірепов жəне Сəбит Мұқановпен тығыз қарым-қатынаста болды. Оларға сондай сүйіспеншілікпен қарайтын еді. Бұл құрметтеудің, түсіністіктің керемет үлгісі. Сонымен бірге, ол риясыз қалжыңдасып, жолдастарын демеп отыратын» деген сөзі дəлел. Кітапхана ұжымының  ұйымдастырған  кітап көрмесіне жазушының шығармаларынан бөлек, ол туралы жазылған мақалалар мен өміріне қатысты тың ақпараттар қойылды.

Жадыра ƏУБƏКІРОВА,
кітапхана қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар