Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық кеңес халық мүддесін қорғайды - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық кеңес халық мүддесін қорғайды

99-ҚАДАМ. Мемлекеттік органдар мен əкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлары мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту.  Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері  мен мəртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.    Қоғамдық кеңестер  облысты басқару ісіне сүбелі үлесін қосып келеді.  Олардың қызметінің арқасында билік пен қоғамның арасындағы байланыс нығаюда. Бiр сөзбен айтқанда, қоғамдық кеңестер ел iшiндегi əлеуметтiк мəселелердi, халықтың мұң-мұқтажын тiкелей билiк өкiлдерiне жеткiзушi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 99 қадамында   стратегиялық жоспарларды орындауда қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру қажеттігін баса көрсеткен. Қазіргі уақытта елімізде белгілі міндеттерді атқаратын  мыңдаған əртүрлі қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.  Аталмыш кеңестер  азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген қызығушылығының нəтижесінде құрылып отыр. Көпшілігінің  қызмет аясы тар болған соң  тиімділігі де төмен. Сол себепті, қоғамдық кеңестер жөніндегі заңда бұл мəселе кеңінен қамтылған.
Ауданда  ағымдағы жылдың ақпан айында аталмыш кеңес өз жұмысын бастады. Кеңес мүшелері бірінші күннен-ақ өзінің тікелей міндетін орындап,  жергілікті жердегі күрмеулі мəселелерді шешудегі белсенділіктерін танытты. Қоғамдық кеңестердің құрамына əртүрлі органдарда қызмет атқаратын ауданымыздың белгілі азаматтары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері кірді. Айтар болсақ, олардың қатарында ауданымыздың құрметті азаматтары, ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық мəслихаттың хатшысы,  кəсіпкерлер палатасының өкілі мен заңгерлер бар. Қоғамдық кеңестің үстіміздегі жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген. Осы уақыт аралығында 6 отырыс өткізіліп, мұнда  бруцеллездің алдын алу, аудандық бюджетті орындау, жер қорын  тиімді пайдалану сияқты түйткілді мəселелер қаралды. Ескерер жайт, қоғамдық кеңес өзінің қажеттілігін сөзбен емес, іспен дəлелдеді. Қазіргі күні кеңеске азаматтар өздерін толғандырған мəселелер бойынша жиі жүгінеді. Осы ретте, қоғамдық кеңестер мемлекеттің саясатын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің бірі екеніне шүбə жоқ. Оның жұмыс нəтижелілігі көптеген  себептерге байланысты. Соның ішіне  бұқаралық ақпарат құралдарымен қоян-қолтық еңбек ету мəселесі де жатады. Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде азаматтар хабардар болу үшін жергілікті  басылымдардың əлеуетін пайдаланған дұрыс. Оған қоса, жеке сайттарда  қоғамдық кеңестің жұмысын насихаттап, арнайы  айдарлар ашу қажет. Кеңестің тиімділігін арттыру үшін  қажетті мамандармен жəне құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мəселелерін оңтайлы шешу күн тəртібіндегі басты мəселелердің бірі. Бұл жемісті еңбек етудің алғышарты десек артық айтқандық емес. Сонда ғана қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс нығая түспек.
Василий УСТЬЯНЦЕВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар