Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыр атлеттеріміз ерледі - АРҚА АЖАРЫ

Ауыр атлеттеріміз ерледі

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы күндері де артта қалды. біреулерді қуантып, біреулерді күйіндірген тартысқа толы бұл күндерде қазақстандық спортшылар жанкүйерлерінің үмітін ақтап, қоржынға төрт медаль түсірді.

Әзірге, біздің құрама командалық есеп бойынша 30-шы орында тұр. Жарыстың төртінші күні 62 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлетші Фархад Харки қосынды салмағы 305 келіні көтеріп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұрын бұл салмақта отандық зілтеміршілердің  мұндай дүбірлі жарыстарда олжа сала қоймағанын ескерсек, көңіл қуантатын жетістік. Келесі күні тағы бір ауыр атлетші қызымыз 63 келіге дейінгі салмақта сайысқа шыққан Карина Горичева қосындысы 243 келі салмақты көтеріп, қола медальді қанжығасына байлады. Естеріңізде болар, бұған дейін екі дзюдошымыз Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Сметов қола және күміс медальді жеңіп алған болатын. Бұған қоса, тағы да көңілге үлкен үміт ұялатып отырған спортшыларымыздың жеңістері бар. Үш боксшымыз: 49 келілік салмақта сайысатын Біржан Жақыпов, 75 келіге дейінгі салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы және 91 келіге дейінгі салмақта рингке шыққан Василий Левит қарсыластарын қапы қалдырып, келесі кезеңге жолдама алды. Ширек финалға шыққан бұл боксшыларымыздың командамыздың қоржынын толтыруға елеулі үлес қосар мүмкіндіктері мол екендігін бағамдауға болады. И.Дычко, Д.Елеусінов сияқты мықтыларымыз әлі рингке шыққан жоқ. Қазақстандық жанкүйерлер үлкен үміт артып отырған зілтеміршілеріміз әлем чемпионы Нижат Рахимов пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, аса жеңіл салмақта өнер көрсететін былғары қолғап шебері Біржан Жақыпов пен Жәнібек Әлімханұлы да жанкүйер сенімін ақтайды деген ойдамыз. Жарыстың екінші түрінен финалға шыққан жүзуден 200 метрлік қашықтықта сайысқа түсетін жерлесіміз Дмитрий Баландиннің де жүлде салар мүмкіндігі мол. Олимпиаданың әрбір күні тартысқа толы қызықты кездесулермен өтуде. Қызықты сәттерді жіберіп алмаңыздар. Жеңісті күндер жалғаса бергей!

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар