Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақытты отбасы мемлекеттің тірегі - АРҚА АЖАРЫ

Бақытты отбасы мемлекеттің тірегі

«Шаңырақ» əлеуметтік-психологиялық жəне зерттеу орталығы» қоғамдық қоры жас ерлі-зайыптылар арасында отбасы мəселесін шешуге бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырды.

Игі  шараның  мақсаты  жұбайлар арасындағы жарасымды нығайту жолдарын, отбасылық   мəселелерді қалай шешу керек екенін түсіндіру. Ерлі-зайыптыларға арналған тренингті өткізген аталмыш мекеменің психолог маманы Жанбота Əбдірахманова. Ол  қатысушыларға  арнайы тапсырмалар беріп, отбасылық өмірде бірін-бірі түсінуге талпыну қажет екенін тілге тиек етті.  Ал, қоғамдық қордың директоры Берік Рақышев тренинг барысында қазіргі таңда ажырасулар саны көбейіп бара жатқанын жəне олардың дені болмашы себептерден болаты-
нын айтты. Сондықтан, осындай тренингтер арқылы жастарға отбасының шырқын бұзбай, керісінше бір-бірлерін бағалауға бағыттайтын «Шаңырақ» əлеуметтік-психологиялық жəне зерттеу орталығы»   қоғамдық қоры əр адамға көмектесуге əзір екендігі жайлы сөз қозғалды.  Семинар-тренингке қатысушы Ермек Сағындықов жиналған жас жұбайларға отбасылық өмірде келеңсіз жағдайлар орын алмау үшін алғаш танысқан сəттен бастап, бір-біріне шынайы болуға кеңес беріп, адамның байлығы да, бары да отбасы болып табылатындығын, шағын мемлекеттің  гүлденуі əр адамның өз қолында екенін атап өтті.  Отырыс соңында тренингке қатысушылар танымды жиынды ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізіп, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар