Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Денсаулық жолы» - АРҚА АЖАРЫ

«Денсаулық жолы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында «Денсаулық жолы» акциясы жүріп жатыр.

Шілденің 1-і күні басталған акция тамыз айының соңына дейін жалғасады.   Акцияны облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық аурухана, балалар емханасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен онкологиялық диспансері жəне Көкшетау қалалық емханасы ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен қатерлі аурулардың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру жəне практикалық көмек көрсету үшін облыс орталығынан жаңа заманғы медициналық аспаптармен жарақталған автокөліктер мен білікті мамандар шығып, Ақкөл, Шортанды Целиноград аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.  Акция барысында дəрігерге қаралуға келген адамдар өз диагнозын сол жерде анықтап, бір уақытта бірнеше дəрігердің көмегіне жүгініп, кəсіби мамандардың кеңесін ала алады. Ересектер үшін невропатолог, кардиолог, нефролог, пульмонолог, окулист, уролог дəрігерлер өз қызметін ұсынса,  балаларды кардиолог, невропотолог, гастроэнтеролог, пульмонолог, аллерголог пен логопед мамандары қабылдады.
Алдағы уақытта бұл акция Астрахан, Егіндікөл, Аршалы, Ерейментау аудандарында жалғасын табады.
Мерген ТОҚСАНБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар