Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Картоптың зиянкес жауы - АРҚА АЖАРЫ

Картоптың зиянкес жауы

Тұқымның жетілу кезеңінде картоп өсетін алқапта колорадо қоңызын көруге болады. Осы зиянкес қоңызбен күресу ба-
рысында түрлі тəсілдер қолданылып келеді.

Дегенмен, бұл жəндікті жою əзірге мүмкін болмай тұр. Енді осы колорадо қоңызы жайлы не білеміз? Оның тарихы, отаны, биологиясы мен фенологиясына үңіліп көрелік.   Бұл жəндікті 1824 жылы американдық натуралист Томас Сэйем тапты. Оның отаны – Мексика. Жəндік 1859 жылы АҚШ-тағы Колорадо штатының картоп алқаптарын  түгелдей жеп құртқанына байланысты колорадо қоңызы деп аталып кеткен. Ол 1876-1877 жылдары кемеге тиелген жүктер арқылы Еуропаға тарады, ал, 1940 жылы Ресейге жетті. КСРО заманында қоңызы бар жерлер карантиндік нысанға жатса, бүгінгі таңда ерекше қауіпті зиянкестердің тізіміне енді. Колорадо қоңызы алғашында қызанақ пен баялдыға зақым келтіретін, кейін картопқа бейімделіп алды. Сондай-ақ, ол жабайы өсетін  алқа тұқымдастарымен, бұрышпен жəне темекімен қоректенеді.
Қоңыздар топырақ қабатының 15-25 сантиметр тереңдігінде қыстайды. Көктемде топырақ қабатының 20 сантиметр тереңдігі  14-15°С қызғанда, олар жер бетіне шығады. Картоп жəне өзге өсімдіктердің сабақтарымен жəне жапырақтарымен қоректенеді. Қоңыздың қанаты жақсы жетілген. Ол қорек іздеу үшін 1-1,5 шақырым қашықтыққа дейін ұша алады. Ауа температурасы 17°С-тан асқан кезде колорадо қоңыздары шағылысып, картоп жапырақтарының астына жұмыртқа салады. Əрбір ұяда 30-40 жұмыртқадан болады. Қоңыздардың өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін ауытқып тұрады. Қоршаған орта жағдайына байланысты бұл жəндіктердің ұрықтық дамуы 7-14 күнге созылады.
Қоңыздың дернəсілдері 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топырақтың 8-10 сантиметр тереңдігіне кетіп, қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін қоңыздардың жаңа ұрпағы пайда болады. Бір-екі жастағы дернəсілдер жапырақты теседі. Ал, ересек дернəсілдер мен қоңыздар өсімдіктің жапырақтарымен жəне сабақтарымен қоректенеді. Нəтижесінде өсімдік баяу өсіп, картоптың шығымы төмендейді. Колорадо қоңызы жылына 1-3 ұрпақ  əкеледі. Бүгінгі таңда жəндіктің бұл түрі Ақмола облысының барлық аудандарында таралған. Көбіне үй маңындағы бау-бақшада кездеседі.  Колорадо қоңызымен тұзды су арқылы күресуге болады. Ол үшін шелектің түбіне тұзды су құйып, оны картоптың сабағына жақындатып сыпыртқы немесе таяқпен сілку керек. Қоңыздардың барлығы шелекке түседі. Кейін оларды жағу керек.  Екінші бір əдіс. Ұсақталған сарымсақты 10 литр суға араластырып, бір күн қою қажет. Кейін оған 50 грамм кір сабынды ерітіп қосу керек. Бұл ерітінді өсіп тұрған картоптың үстіне шашылады. Əрине, жəндікпен күресудің бұдан өзге химиялық, биологиялық, агротехникалық шаралары бар. Химиялық өңдеуде бір препаратты бірнеше рет пайдаланбаған жөн. Өйткені, қоңыздар бұл препаратқа бейімделіп алады. Кейін дəрінің əсері болмай қалады. Кез-келген күресу шарасын таңғы сағат онға дейін немесе алтыдан  кейін жүргізген жөн. Ауа райы ашық болуы керек.   

Раушан ƏБДІҒАЛИЕВА, Алина ҚАЙЫРКЕНОВА,
республикалық фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы Ақмола облыстық филиалының мамандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар