Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сан қуғаннан сапа жақсара ма? - АРҚА АЖАРЫ

Сан қуғаннан сапа жақсара ма?

 «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Индустриялық даму» бағыты бойынша өңірлік партиялық куратор комиссиясының отырысы болып, 2015-2019 жылдарға Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуының барысы талқыланды.
  Өңірлік  партиялық  куратор комиссиясының  отырысына  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалым Бекмағамбетов, облыстық басқарма мен ведомство, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары,  кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Отырысты аталмыш комиссияның төрағасы, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Кистин ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әміренов хабарлама жасады. Оның айтуынша, биылғы жартыжылдықта негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 75,8 миллиард теңгені құрайды. Облыс бойынша өткен жылы жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 3 пайызды көрсетті. Бұл меже 2014 жылғы деңгейден 1,2 пайыз артық. Өңірдің Индустрияландыру картасына 671,9 миллиард теңгенің 107 жобасы енгізілген. Жобалар жүзеге асқанда 13 мың 551 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Республикалық Индустрия- ландыру картасындағы 13,1 миллиард теңгенің бір жобасы 2014 жылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда «Қазатомпром күкірт қышқыл зауыты БК» серіктестігінде 140 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жарқайың ауданындағы Масаль темір тау-кен орны базасында металлургиялық комбинат құрылысының жобасы ұсынылды. Масаль тау-кен байыту комбинатының құны 274,3 миллиард теңгеге бағаланды. Жоба мақұлданып, Үкіметтің қаулысы күтілуде. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары одан әрі кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына 658,8 миллиард теңгенің 106 жобасы енгізілгенін, бұл жобалар жүзеге асырылғанда 13 мың жұмыс орны ашылатынын айтып өтті. Биылғы жылдың 1 тамызына дейін 64 жоба игеріліп, 6,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. 2010-2014 жылдардағы бірінші бесжылдық аясында 49 жоба жүзеге асырылып, 5,2 мың жұмыс орны ашылған. Екінші бесжылдық шеңберінде 58 жоба жүзеге асырылып, 8,3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 15 жоба іске қосылып, 1276 жұмыс орны ашылды. 38 жоба өз қуатын 90 пайыздан 100 пайызға дейін игерді. 18 жобаның жоспарлы қуаты 50 пайыз бен 90 пайыздың аралығында. Үш жоба өз қуатын игере бастады. Аталмыш кəсіпорындардың жоспарлы қуатын игеруі кесте жүйесі мен өндірістік жоспарға сəйкес жүргізілуде. Пайдалануға берілген жобалар 2010 жылдан бері 434,4 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде биылғы жартыжылдықта өндірілген 63,3 миллиард теңгенің өнімі бар. Жыл басынан бері Индустрияландыру картасы бойынша енгізілген кəсіпорындар өнеркəсіпте өндірілген жалпы өнім көлемінің 35,7 пайызын өндірді. Мұнда өңдеуші өнеркəсіптің үлесі 48,9 пайыз. Өткен жылы Индустрияландыру картасына қатысқан кəсіпорындардан мемлекеттік бюджетке 16,6 миллиард теңге түсті. Бұл жалпы салық түсімі көлемінің 20,3 пайызы.
Отырыста облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының жұмысын оң жолға қою жөнінде пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Басқарма 7 жыл ішінде ешқандай шара өткізбеген. Тек сан санаумен күндерін өткізеді. Кəсіпорындардың қуатында жұмыс істеуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы жөніндегі көрсеткіштері күдік тудырады. Сондай-ақ, басқарма өңір кəсіпорындары өндіретін өнімдерді экспорт түгіл көршілес өңірлерге шығаруға ықпал жасамай отыр. Мəселен, «ЕНКИ» серіктестігі өндіретін кірпіш жөнінде ақтөбеліктердің хабары болмаған. Комиссия мүшелері басқарма басшысы өзге өңірлерге барғанда өзімен бірге бірнеше ірі кəсіпорынның басшысын ала жүруді ұсынды. Отырыста еңбек ресурстары жөнінде айтылды. Мəселен, колледждерді бітірген түлектерге еңбек рыногында сұраныс жоқ. Ал, жаңадан ашылған кəсіпорындарға мамандар жетіспейді. Оларды бұл оқу орындары даярламайды. Яғни, оқу орындары еңбек рыногының сұранысын қанағаттандырмай отыр. Бұл мəселемен ешқандай басқарма айналыспайды. Статистика департаментінен алынатын сандарға мониторинг жүргізілмейді, талданбайды.
«Вектор» комбайн зауыты» серіктестігінің заңгері Айбек Нұрмағамбетов зауыттың бес жүзінші комбайн шығарғанын, қазір кəсіпорынды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өткен жылы зауыт 220 комбайн шығарса, биыл оның санын 340-қа жеткізбекші. Əзірше комбайн бөлшектерінің 70 пайызы шетелден тасымалданады. Келесі жылы бұл көрсеткіш 60 пайызға түспекші. Комбайнды сату мəселесі де оң жолға қойылған. Биыл 233 комбайн сатылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда «Тыныс» акционерлік қоғамы тапсырыстың аздығынан, толық қуатында жұмыс істемейді. Серіктестік заңгері жер телімін жалға алу келісім-шартын толтыру кезінде кедергіге ұшырағандарын айтып, мемлекеттік органдар мен кəсіпкерлер жұмысын үйлестіретін тетік жасауды ұсынды. Комиссия отырысында аталмыш басқарма басшысының орынбасарына ескерту жасалды.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар