Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үзбайдың бал қымызы - АРҚА АЖАРЫ

Үзбайдың бал қымызы

Қараөткел ежелден қазақы дəстүр мен ата кəсіпті, ұлттық өнерді ұстанған атақоныс.  Кешегі Естай мен Балуан Шолақ, Біржан сал мен Ақан серілер бас қосқан думанды өлкеде бүгінде ата дəстүр мен ата кəсіпті ұстап, дамытып жүрген азаматтардың барлығы қуантады.
Есіл мен Нұраның бел ортасына қонған ел ежелден кедейлік дегенді білмей келіпті. Төрт түлікті өріске толтырып, қос өзеннің бойында салтанаты жарасқан өмірдің қызығына кенелген жұрт бақытты тірлік кешкен. Міне, сондай бабалардан мұра болып қалған үрдісті кəсіпке айналдырып, содан ырыздығын тауып жүрген жандар Астана маңындағы елді мекендерде біртіндеп көбейіп келеді. Əсіресе, сұранысқа ие болып отырған қымыз өндірісіне назар аударушылар қатары өсуде. Біз жолықтырған Үзбай Смағұлов та  қазақтың ежелгі табиғи кəсібі – қымыз саууға ден қойған кəсіпкерлердің бірі. Жасы 40-тың қырқасына шыққан азамат Қорғалжын ауданының тумасы. Жұрт сабылып қалаға  көшіп жатқанда, ол туған жерде қалып, ата кəсіпті қолға алуға, сол арқылы өзіне қараған елге жұмыс тауып беруге ұмтылыпты.
– 2005 жылы Қараөткел ауылына қоныс аударғанда мен қымыз өндіруді одан əрі жалғастырдым, – деді бізге Үзбай Смағұлов.  Себебі, емдік қасиеті зор сусынды іздеуші ағайындардың саны Астанада жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қала іргесіндегі ауылда ол жұбайы Тілеуқормен бірге бірнеше  бие байлап, оны қысы-жазы сауып отыр. Түскен табысы да аз болған жоқ. Бірақ, жемшөп пен жайылымы жоқ өңірде қазақтың қанатты малы – жылқыны ұстау қиынға соғады.
Қазір Смағұловтар əулеті Нұра өзені ағып жатқан тұста –  Отаутүскен ауылында тұрып жатыр. Жылқы басымен бірге қара малдың да саны өскен. Біз кездескен күні Үзбайдың жұбайы Тілеуқор анасы Күлпан Жақыпбековамен бірге сөреге құрт жайып жатыр екен. Жұмыстың ауқымы кеңейіп, тапсырыс берушілердің саны біраз өсіпті. Астана қаласының арнайы дүкендері бұл ұлттық тағамдарға деген сұранысты күнделікті жасап отырады.
Шаңырақ иесі Үзбай Серікұлы ата кəсіпті дамыту жөнінде бізбен біраз ой бөлісті.
–  «Даму»  кəсіпкерлікті  дамыту  бағдарламасы бойынша өткен жылы арнайы курстан өттім. Биыл осы мемлекеттік жоба бойынша Аршалы ауданында жұбайым Тілеуқор да білімін көтерді, – деп əңгімесін сабақтады ол. – Мен тұрған жердің табиғаты əсем болғасын, демалуға келетін кісілер өте көп.
Туризмді дамыту жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көптен бері айтып, атқарушы органдардың алдына міндеттер қойып келеді. Бұл пікірді қостағанның бірі осы біз көрген Үзбай Серікұлы. Бірақ, қаражаттың жоқтығы адымын ұзартпай отыр. Қымызбен сауықтыру мекемесін ашқысы келетін оған қазіргі кезде көп мəселелер қиындық тудырып отыр. Біріншіден, малдың жайылымы мен шабындығының жоқтығы үлкен қолбайлау. Несие алу да күрделеніп кеткен. Уəде көп, бірақ, нақты нəтиже жоқ. Бұл жөнінен ол кəсіпкерлік бөліміне жəне өңір басшыларына жолығып, өз ұсынысын айтқысы келеді. Ендігі үмітін солармен байланыстырып отыр.
Отаутүскенге қоныс аударғаннан бері Үзбай мал қорасын салыпты. Белгілі бір кəсіпті қолға алғасын оны ширата да білу керек. Ұсақ мал, құс өсіруге  Нұра бойы өте ыңғайлы.
Мал басы өскеннен кейін кəсіпкердің көмекшілері де біраз көбейген. Оны күтетін, уақытылы бағып, қарайлап отыратын бақташылары болмаса өнімнің де молаймайтыны белгілі. Қазір кəсіпкердің ісіне балалары да көп қолғанат жасап отыр. Жұбайы Тілеуқор жасынан ауыл еңбегіне араласып өскен жан. Сондықтан, оның қазақтың ұлттық тағамдарын əзірлеуді жетік меңгергенін біз де байқадық. Нəзік жанның қолымен əзірленген жент, құрт, ірімшік, қаймақ пен май алушыларының көңілінен шығып жүр. Ішімдіксіз той өткізуге бет бұрған ағайындарымыздан тапсырыс үздіксіз түсіп тұрады екен. Сондықтан, бұл кісілер жұмыссыз отырмайды. Қымызға деген астаналықтардың сұраныстары да күн өткен сайын артып келеді. Бас қаладан 50 шақырым қашықтықта тұрғанымен осы жерге таңғы саумалды ішуге келетіндер де аз емес көрінеді.
Үзбай Смағұловтың атадан мирас болған ісі қысы-жазы үзілмейді деуге болады. Қара күзде кенже құлындаған биелер сауыла бастаса, оның ізін көктемде ерте құлындаған биелер басып отырады. Қымыздың сапасы мейлінше жоғары екенін біз де бағалап көрдік. Қаймағы қалқыған қою қымыздың хош иісі танау жарардай. Қоспасыз таза жəне пісіліп, бабы келіскен бал қымыздың дəмін бір татқандар тұрақты сатып алушыға айналатыны анық. Осылайша ата кəсіпті жалғастырып, нарық талабына сай күреп табыс тауып отырған азаматтың ісіне жеміс тілеп, қоштастық.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар