Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аяулы ана. Еңбек ардагері - АРҚА АЖАРЫ

Аяулы ана. Еңбек ардагері

Көпбалалы ана, еңбек ардагері Бикен Жолдығұлқызы Тұрғынбаеваның еңбек кітапшасында бір ғана жазу бар. Ол 1960 жылы Көкшетау нан комбинатына жұмысқа тұрып, содан 1992 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін осы кәсіпорында еңбек етті.

 

– Ол кезде бәрі қолмен атқарылатын. 40-50 келілік ұн салынған қаптарды арқалап таситынбыз. Жұмыс өте ауыр болды, – деп есіне алады  өткен күндерді. Осындай ауыр жұмысты істей жүріп, ол отбасындағы бітпейтін күйбең тірлігін де естен шығармады. Бес баланы дүниеге әкеліп, оларды тәрбиелеп, өсіру оңай болған жоқ. 1982 жылы жолдасы Базылтай қайтыс болып, анамыз бес баламен жалғыз қалды. Осындай қиындыққа қарамастан, ол нан комбинатындағы ауыр жұмысын да, үйдегі жұмысты да атқарды. Сөйтіп, балаларын өсіріп, жетілдірді.
Анамыздың ұзақ жылғы еңбегі ескерусіз қалмады. Ол «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Оған қоса, әр жылдарда алған құрмет грамоталары да аз емес. Еңбегімен ұжымда үлкен беделге ие болған анамыз Көкшетау қалалық кеңесінің депутаты болып сайланып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды.
Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған анамыз немере, шөбере сүйіп отырған аяулы әже. Балаларының бәрі жоғары білім алып, шаруашылықтың әр саласында еңбек етіп жүр. Немере, шөберелері де жарыса өсіп келеді.
Таяуда әжеміз сексеннің сеңгіріне шығады. Өмірдің қиындықтарын жеңіп, еңбегімен елге сыйлы болған анамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық және береке-бақыт тілейміз.

Берікжан СӘДУОВ.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар