Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іргетасы нық әрі берік - АРҚА АЖАРЫ

Іргетасы нық әрі берік

Аудан орталығы – Степняк қаласында «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында 21 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл тұрғын үйдің құрылысы 2013 жылы басталған. Алғашында «Интеграция + Еуросервис Жақсы» серіктестігі екі жылдай жұмыс істеп, тек қана үйдің іргетасын қалапты. Биылғы жылы бұл үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 55 миллион 687 мың теңге, облыстық бюджеттен 29 миллион 960 мың теңге бөлінді. Құрылыс алаңында аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Валерий Лебедевті жолықтырдық.

 

– Сәуір айының соңында «Таир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шартқа отырып, қазынашылық органда тіркеуден өттік. Бүгінгі таңда мердігер бірінші қабаттың сыртқы және ішкі қабырғаларын қалап, төбесін жапты. Екінші қабаттың қабырғаларын қалауда. Атқарылған жұмыстың ақысы төленді. Тұрғын үйді пайдалануға беру үшін 21 миллион 663 мың теңге жетіспейді. Қаржы бұрынғы мердігер «Интеграция + Еуросервис Жақсы» серіктестігінің келісім-шарт міндеттемесін орындамауы салдарынан қордаланған болатын. Бұл іс облыстық сотта қаралып, аталмыш серіктестік өзінің дебиторлық қарызын республикалық бюджетке қайтаратын болды. 20 тамызда үш қабатты тұрғын үйдің сыртқы және ішкі қабырғаларын қалап, жылу беру маусымына дейін шатырын жабамыз,– дейді құрылыс бөлімінің басшысы. Мұнда «Таир» серіктестігі құрылысшыларының жұмыс істегеніне бір жарым айдай болыпты. Біз тас қалаушылармен жолығайық деп екінші қабатқа көтерілдік. Мұндағы құрылысшылардың қимылдары ширақ.
   – Тамыз айының аяғына дейін үш қабатты тұрғын үйдің қабырғаларын қалап бітіреміз. Соған он екі тас қалаушы тырысып жатыр. Үш сылақшы жертөлені әктеуде. Екі кран мен трактор жұмыс істейді. Өмірбек Досқалиев пен Еркінбек Балабековтың бригадалары екінші қабаттың қабырғаларын қалап бітіруге жақын. Құрылыс материалдары Астана мен Көкшетаудан тасымалданады. Құрылысшылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген. Арасында жергілікті жердің тұрғындары да бар. Шеттен келгендер жалға алынған пәтерлерде тұрады. Құрылысшылардың өз аспазшысы бар. Үш мезгіл тамақтанады. Еңбекақы атқарған жұмысына қарай төленеді. Күніне 5-6 мың теңгеден шығады. Құрылысшы Қуаныш Құдайбергенов, электр дәнекерлеушілер Александр Супрун мен Евгений Пичура өз еңбектерімен көзге түсіп жүр. Олардан сылақшы Светлана Хуржалиева да қалыспайды. Тұрғын үй қазан айында пайдалануға беріледі. Сыртқы инженерлік жүйе дайын,– дейді учаске басшысы Батырхан Жақашбаев. Құрылысты аралап жүріп, бір пескоблок ұзындығымен қаланған үйдің сыртқы қабырғалары суық болмай ма деген күдік туғызды. Біз Астана қаласынан келген тас қалаушы Нұрболат Қожахметовты әңгімеге тарттық.
  – Күніне бір текше метр құмбалшықпен жұмыс істеп, 3 падон құмблогын қалаймын. Құрылыс материалдары жағынан кедергі жоқ. Әкеліп жатыр. Бригадамызда алты адам жұмыс істейді. Жалға алынған пәтерде тұрамын. Үш мезгіл ыстық ас ішеміз. Еңбекақы уақытында беріледі. Атбасар қаласында 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, тәжірибе жинақтадық. Жұмыстың сапасына жіті назар аударамыз,– дейді ол. Тас қалаушылар бригадасының бригадирі Еркінбек Балабековтың қарамағында 7 адам жұмыс істейді. Бесеуі тас қаласа, екеуі көмектеседі.
  – Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласынан келдім. Жұбайым аспазшы болып жұмыс істейді. Айдың екі жексенбісінде демаламыз. Норманы орындағандарға сыйлық беріледі,– дейді ол. Біз де кері қайтарда құрылысшыларды келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне сәттілік тіледік.

Рамазан ТІЛЕУОВ.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар