«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен облыстық әділет департаменті «Көкшетау минералды суы» зауытында қоғамдық қабылдау күнін өткізді.
Қабылдау барысында 40 адам мамандардың кеңесіне жүгінді. Азаматтарға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Қымбат Жүсіпова осындай қабылдаулардың маңыздылығын атап өтті. Шарада зейнетақы, жер мәселесі туралы, мемлекеттің жәрдемімен тұрғын үйді қалай алу керектігі төңірегінде сұрақтар көп қойылды.
Ал, мамандар өз кезегінде зауыт қызметкерлеріне тұшымды жауаптар берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.