Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суға түскенде сақ болайық - АРҚА АЖАРЫ

Суға түскенде сақ болайық

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен  баспасөз мәслихатын өткізді. Онда суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының  орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі  Манарбек Шапағатовтың айтуы бойынша өткен жылы қауiпсiздiк шараларын сақтамау салдарынан 29 адамның өлімі тіркелген, олардың 8-i  балалар. Ал,  биылғы жылы  бұл көрсеткіш 14 адамды құрайды, оның ішінде 2 жасөспірімнің өлімі бар дей келіп, облыс бойынша  адамдардың суға батуы Целиноград ауданында  басымырақ екендігіне тоқталды.  Содан соң   облыстық   жедел құтқару жасағының басшысы  Дәулет Шамиғанов төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халықты  ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі  жүргізетіндерін, 2016 жылдың басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін  сақтау шаралары бойынша теледидар мен  радио тораптарынан  167 хабарлама берілгенін,  аудандық және облыстық бұқаралық  ақпарат құралдарында 50 мақала  жарияланғаны, 93 хабарлама  электронды басылымдарда жарыққа шыққаны жайлы айта келіп, облыс мектептерінде 16 интерактивті сабақтар өткізіліп, 72 дәріс оқылғандығын тілге тиек етті.  Ал, төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Азамат Қажкенов  жиналғандарға  суға шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігі және алдын алу шаралары туралы, суға түскенде аса сақ болулары  керектігін айтты.
Отырыс соңында  мамандар тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар