Аудандық прокуратура аудан көлемінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының қолданылуын қадағалау үшін рейд жүргізді.
Нәтижесінде Жаңа Қима ауылынан 3 шақырым жерде заңсыз құм өндіріп, КамАЗ маркалы жүк көліктерімен Баяғыз ауылына тасу фактісі анықталған. Құмның салмағы 27 тонна 100 келі болды. Қоршаған ортаға келтірілген зиян 37 425 теңгені құрады. Облыс бойынша экология департаментіне енгізілген аудандық прокуратураның ұсынысына сәйкес жүргізушілердің әрқайсысы 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, шығын өндірілді.
Күнсая БАЛҒОЖИНА,
аудан прокуроры.
Жақсы ауданы.