Жанашыр жүрек жылуы
Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балаларына мектепке керек-жарағын алып беріп, материалдық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған акция биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Бақытты балалық мекені» деп аталды.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтырғы оқу жылында осы акция бойынша 12399 оқушыға 92,1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Соның ішінде бюджет қаржысына 6245 оқушыға 36,3 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілсе, бюджеттік емес көздерден 6154 оқушы 55,6 миллион теңгенің материалдық жәрдемін алған. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясының белсенділері 311 оқушыға 3,8 миллион теңгенің көмегін көрсетіпті.
Биыл 10730 оқушы қаржылай көмекке мұқтаж болып отыр. Солардың 1053-і алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимараты алдында облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарының депутаттары бірінші сыныпқа баратын 31 оқушыға мектепке қажетті керек-жарағын алу үшін арнайы сертификаттар тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.