Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек демалысыңды дұрыс жоспарла - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек демалысыңды дұрыс жоспарла

Жас буын кәрілік туралы ойламайтын болды, ойласа да әлі алыста, келсе де өзінен басқа біреуге келеді деп ойлайды.
Алайда кәріліктен де, данагөй жастың бір бөлшегіндей зейнетақыдан да ешкім айналып өткен емес. Оның ерте ме, кеш пе әйтеуір бір келері анық. Кезінде ысырып қойған арманыңызды жүзеге асырып, әлемді аралап саяхаттайсыз ба, әлде таң атпай қала автобустарына мініп алып ашуға ерік бересіз бе, бұл өз қолыңызда.
Шынтуайтқа келгенде, кәрілікке дайындалуға да, келешек зейнетақыңызды қазірден білуге де болады.
Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, еңбек сіңірген демалысыңыздың өз қолыңызда екенін ұғыну қажет, екіншіден, зейнетақы калькуляторы.
Мұндай калькуляторды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының enpf.kz сайтынан таба аласыз.
Сайтқа кіреміз де қажет тілді таңдаймыз (қазақ немесе орыс), электрондық қызмет көрсету бөліміне кіріп, «Зейнетақы калькуляторы» белгісін басамыз. Қарапайым кесте ашылады, оны толтыру керек. Мысал үшін Қазақстанның ортаңғы қатардағы тұрғынын алайық. 125 000 теңге алатын 30 жастағы ер адам (туған күні 1986 жылғы 1 қаңтар) университет бітіргелі, басқаша айтсақ 22 жасынан бері жұмыс істеп келеді және жеке зейнетақы шотында 1 400 000 теңге көлемінде зейнетақы жинағы бар.
Осылайша «жынысы» бағанына «ер», туған күнін 01/01/1986 деп жазамыз, зейнетке шығатын күн автоматты түрде 01.01.2049 деп қойылады. «1998 жылға дейінгі өтілі» бағанына 0 деп жазамыз, ал жинақтаушы жүйедегі өтілі 8 (22 жасынан бері үздіксіз жұмыс істеген). Қазіргі зейнетақы жинағының сомасы 1 400 000 деп көрсетеміз. Еңбекақы көлемі (шегерімдер жасалғанға дейінгі) жоғарыда көрсеткеніміздей 125 000 теңге. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен (БЖЗҚ) төлемдер» бағанында «кесте бо-йынша» деп таңдаймыз. Ерікті зейнетақы жарналарын салмайды деп есептейміз.
Бағанның барлығының толтырылғанына көз жеткізген соң «Есептеу» түймесін басамыз.
Зейнетақы калькуляторы автоматты түрде үш сценарий бойынша есептейді: пессимистік, реалистік және оптимистік.
Үш сценарий бойынша да ортақ зейнетақы нөлге тең болады, себебі, салымшының 1998 жылға дейін өтілі жоқ. Зейнетақының базалық және жинақтаушы бөлігі қалады.
Сонымен, салымшының жиынтық зейнетақысы (базалық және жинақтаушыдан тұратын) бірінші сценарий (пессимистік) бойынша айына 370 402 теңге, реалистік сценарий бойынша айына 445 575 теңге және оптимистік сценарий бойынша айына 558 708 теңге болады.
Былай қарасаң керемет сияқты, зейнетақы еңбекақыдан көп. Бірақ барлығы біз ойлағандай оңай емес, құнсыздануды да ұмытпау керек. Төмендегі жолға, яғни, болжамды еңбекақыға назар аударыңыз, үш сценарий бойынша ол тиісінше 770 722 теңге, 924 255 теңге және 1 191 059 теңге.
Қазіргі өлшеммен салымшының қандай зейнетақы алатынын есептеу үшін ауыстыру коэффициентіне, яғни, соңғы еңбекақыдан пайызбен зейнетақы үлесіне қарасаңыз жеткілікті.
Үш сценарий бойынша сан әртүрлі 48.10 пайыз, 48.20 пайыз және 46.90 пайыз. Сондықтан, 125 000 теңгені алып, үш сценарий сомасының қандай болатынын есептейміз. Осылайша үш түрлі сценарий бойынша қазіргі ақиқатқа сай салымшының зейнетақысы 60 125 теңге,  60 250 теңге және 58 625 теңге болады.
Сонау 1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенциясына сай ауыстыру коэффициентінің нормасы 40 пайыз болуы тиіс. Яғни, зейнетақы қызметкер еңбекақысының 40 пайызынан кем болмауы тиіс.
Еңбекақы 125 000 теңге болған кезде коэффициент белгіленген нормадан артық. Алайда қызметкер зейнетке шыққанша бір орында дәл сол еңбекақымен отыра бермейді ғой. Айтпақшы, калькуляторда нарықтағы жағдайға қарай еңбекақыны көтеруге шағын пайыз қарастырылған. Оның үстіне жас маман біліктілігін көтеріп лауазымы жағынан да, еңбекті материалдық бағалау жағынан да өсетін шығар. Бірақ салымшы ауыстыру коэффициентін көбейткісі келсе, ол ерікті зейнетақы жарналарын салу есебінен жинақ мөлшерін көбейте алады.
Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарымен қатар еңбекақысынан 5 пайыз, яғни, 6250 теңге аударып отыратын болса, ауыс-тыру коэффициенті пессимистік, реалистік және оптимистік тұрғыдан тиісінше 56.60 пайыз, 58.30 пайыз, 58.40 пайызға дейін артады. Бұл сандар халықаралық нормаға сәйкес болып қана қоймай, одан асып та кетеді.
Біреуге бұл жағдайдың өзінде де зейнетақы қалыпты өмір сүруге жетпейтіндей аз болып көрінуі мүмкін… Бірақ зейнетақыңыздың өз қолыңызда және оның қандай болатыны бірінші кезекте сізге байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Жасырын еңбекақыға келіспеңіз, ерікті зейнетақы жарналарын салыңыз, өз біліктілігіңізді көтеріңіз, сонымен қатар, еңбекақыңыз да көтерілсін. Бір орында тұрмаңыз, өзіңіз өсіңіз де еңбек сіңірген лайықты демалысыңызды алыңыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар