Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндет белгілі, мақсат айқын - АРҚА АЖАРЫ

Міндет белгілі, мақсат айқын

Аудан орталығындағы №2 орта мектеп аудандағы ең байырғы білім ошақтарының бірі. Нақтырақ айтар болсақ, бұл мектептің жас жеткіншектерді  білім бұлағымен сусындандыра бастағанына 110 жыл толған екен. Ал, оқу орны орналасқан бүгінгі ғимарат болса сонау 1967 жылы пайдалануға берілген.

Яғни, оқу орны жаңа ғимаратқа зәру десек, ақиқаттан алыс кетпегендігіміз. Солай бола тұра мектеп аудандағы ең  іргелі білім ошағы деңгейінен тайған емес. – Бұл ғимарат едәуір ескірді, – дейді мектеп директоры Ирина Слободянук. – Дегенмен, аудан басшыларының айтуынша алдағы 2-3 жылда күрделі жөндеуден өткізілуге тиіс. Ал, басқа мәселелер бойынша бәрі талапқа сай. Кадр мәселесі толық шешілген. Ұстаздардың бәрі дерлік білікті мамандар. Алдағы оқу жылына толық дайынбыз.
Кадр демекші, оқу орнындағы мұғалімдердің басым көпшілігі кезінде осы мектепті бітірген түлектер екен. Тіпті, мектеп директоры Ирина Александровнаның өзі де осы мектепті тәмамдап, жоғары оқу орнын бітірген соң ұшқан ұясына қайтып оралған. Зейін салып қарасақ, бұл да ұрпақ сабақтастығының бір белгісі болса керек. Әсіресе, мектеп түлектерінің біразының өздері түлеп ұшқан мектепке оралуға ынта білдірулері  ерекше атап өтерлік жай демеске болмайды.
Мектепте физика, химия пәндерінен сабақ беретін Ирина Исаева, математика маманы Людмила Кондратенко, бастауыш сыныптарға сабақ беретін Ольга Ленбик сынды ұстаздар оқу орнының мақтаныштары. Сондай-ақ, мектеп директоры кейінгі уақытта үлкен басымдылық танытылып отырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Нұрсұлу Байбашқарова мен Білімжан Нұртазина туралы ерекше ілтипатпен айтты. Ал, Ольга Пильник болса жастығына қарамастан өз ісін жетік меңгерген маман ретінде көзге түсіп жүр. Айтпақшы, ол да осы мектептің түлегі.
Мектепте оқушыларға  бір мезгіл ыстық тамақ беру де дұрыс ұйымдастырылған. Ол үшін әрине, арнайы қаржы бөлінеді. Дегенмен, мектеп басшылығы ұстаздармен бірге оқушыларды еңбекке баулу арқылы кейбір қажетті өнімдерді өздері шығаруды қолға алған. Мәселен, оқу орны жанындағы шағын қосалқы шаруашылықта қияр, қызанақ өсіреді. Тіпті, қысқы маусымға қияр тұздауды да ұмытпаған. Бақшаны оқушылар өздері күтіп, баптайды. Бұл бір жағынан жоғарыда айтып өткеніміздей, жас жеткіншектерді еңбекке баулу болса, екінші жағынан мектеп асханасына қажетті өнімдер жинауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, аталмыш мектеп ұжымы ауданда өткізілетін көптеген мәдени-спорттық шараларға белсене қатысуларымен қатар, өздері де көптеген шараларға бастамашы бола білуде. Енді осыған оқу орнындағы түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларды, үнемі алдыңғы саптан көрініп жүрген көңілділер мен тапқырлар клубын қоссақ, мектепте тәрбие жұмыстары да жоғары деңгейде деуге болады. Сонымен, Аршалы ауданындағы №2 орта мектеп жаңа оқу жылына сақадай сай. Бұл әрине, мектеп ұжымының, ұстаздар қауымының ерен еңбектерінің нәтижесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар