Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Нұр Отан» партиясы: қолдау мен қамқорлық - АРҚА АЖАРЫ

«Нұр Отан» партиясы: қолдау мен қамқорлық

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бірқатар нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты. Сапар барысында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Сергей Кулагин бірге болды.

Жұмыс сапарын Щучинск қаласындағы жалпы үлгідегі мектеп-интернаттан бастаған Мұхтар Құл-Мұхаммед «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан нысанның жұмысымен танысты. Үстіміздегі жылдың сәуір айында аталмыш нысанда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аталмыш бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 146,3 миллион, жергілікті бюджеттен 21,5 миллион теңге бөлінген. Шілде айында Көкшетау қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне қарасты «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынмен құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде келісім-шарт жасалып, қажетті шаралар басталып та кеткен болатын. Қазіргі уақытта жұмыстың жалпы көлемінің 40 пайызы орындалған. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қараша айында толығымен аяқталмақ. Құрылыста 44 жұмысшы, оның ішінде 17-і жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбек етуде.
Одан кейін Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округіндегі Серік Омаров жетекшілік ететін шаруашылық қожалығына ат басын тіреген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары ауыл еңбеккерлерімен кездесіп, алдағы орақ науқанына дайындық жұмыстарымен танысты. Шаруашылық негізінен егін және мал өсірумен айналысады. Мұнда дәнді дақылдармен қатар бұршақ тұқымдас және майлы дақылдар, көкөністер өсіріледі. 300 бас қара малы бар, соның ішінде жүз басы сауын сиырлар. Алқап басында диқандармен кездесу өткізген Мұхтар Абрарұлы Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығы мен қолдауының арқасында еліміздегі әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміздің жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалып отырғандығын айтты. Мемлекет тарапынан субсидиялар бөлініп, жеңілдетілген несиелер берілуде, кедендік кедергілер алынып тасталды. Ол өз сөзінде:
– Халық арасында шаруа қожалықтарының иелігінде он-он бес мың гектар жерлері бар деген бір жаңсақ пікір қалыптасқан, ол мүлдем олай емес. Оларда бір-екі мың, әрі кетсе үш мың гектар ғана жерлері бар, сол жерлерді күтіп-баптай білу қажет. Қазір кейбір егістік алқаптарының күтімсіз қалып, қурай басып кеткендігі жасырын емес. Мұндай шаруашылық қожалықтарына алдағы уақыттарда тиісті шаралар қолданылатын болады. Егістік алқаптары мен жайылымдықтарды жердің қадірін түсіне білетін, онымен жұмыс істей алатын азаматтарға беру керек, – деді.
Жұмыс сапарын одан әрі жалғастырған Мұхтар Құл-Мұхаммед Қопа көлінің жағалауында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, Көкшетау қаласының «Көктем» ықшам ауданындағы жуырда ғана құрылысы аяқталған 280 орындық балабақшаны аралап көрді. Аталмыш нысан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып, оған барлығы 678,3 миллион теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын жүргізген Серік Ешмағамбетов басқаратын «Мәрмәр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
– Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы, жаһандық дағдарыс жағдайларына қарамастан, экономикамыздың қарқынды дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Осы бағдарлама аясында биылғы жылдың өзінде ғана еліміз бойынша 770 миллиард теңге, соның ішінде Ақмола облысы бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден 57 миллиард теңге игерілуде. Ол осыдан он жыл бұрынғы Ақмола облысының бюджетінен әлдеқайда көп. Айырмашылықты сезіп тұрсыздар ма? Бұл дегеніміз, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, лайықты жалақы мен жергілікті бюджетке салықтардың түсуі. Өздеріңіз көріп отырғандай, бір ғана президенттік бағдарламамен тұтас кешенді мәселелер жүзеге асырылуда, – деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары.
Нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысқан соң «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның облыстық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Ақмола облысының партиялық активімен кездесті. Аталмыш шараға аймақтың алғашқы партия ұйымдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, партия бюросы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, депутаттық фракциялардың жетекшілері қатысты.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Кулагин Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттерді жүзеге асыру барысында осындай басқосулардың маңыздылығын айта келіп, Мұхтар Абрарұлына сөз берді.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген жетістіктерімізге тоқтала келіп, егемен еліміздің басты мақсаты – дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі екендігін баса айтты. Баяндамашы өз сөзінде бірқатар маңызды да өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілетін түзетулерге біраз отандас-тарымыз мәселенің еш байыбына бармастан күмәнмен қарады. Мемлекет басшысы осының бәрі түсіндіру жұмыстарының халық арасында дұрыс жүргізілмегендігін атап өтті. Осы бағытта Ақмола облысында жалпы саны алпыс мыңнан астам адамды қамтыған мыңға жуық кездесулер болды. Үстіміздегі жылдың үшінші маусымында Көкшетау қаласында жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның кезекті көшпелі отырысы мазмұнды да жоғары деңгейде өткізіліп, жерді сату және жалға беру, жер телімдерін рәсімдеу, сондай-ақ, Елбасы жария еткен мораторий мәселелері әңгіме арқауына айналды. Алдағы уақытта өңірдің барлық алғашқы партия ұйымдары Жер кодексіне енгізілетін түзетулерді бұқара халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі белсендендіре түсулері қажет. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың тиісті деңгейде игерілуін бақылау да «Нұр Отан» партиясы филиалдарының тікелей міндеті. Партияның сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру барысында ең бірінші кезекте индустрияландыру мәселелерін шешуге, кәсіпкерлерді, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға, халықты жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне көңіл
аударылуы керек. Ұлттық бірыңғай тестілеудің межелік деңгейінен өте алмаған түлектерімізді «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында орта кәсіптік білім беріп, жұмысқа орналасу жолдарын да қарастыру назардан тыс қалмауы тиіс.
Ол өз сөзінде сондай-ақ, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партиялық бақылаудың арнайы комиссияларымен жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сапасының тұрақты мониторингі жүргізіліп отыратындығын  және қордаланып қалған мәселелердің дер кезінде анықталып, оң шешімін табуға септігін тигізетіндігін атап өтті.
Сөзінің соңында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары мемлекеттік органдардың жұмысына партиялық бақылауды күшейтіп, тұрғындардың қажеттіліктері мен проблемаларына ерекше назар аударылып, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға тұрақты түрде сараптама жүргізіп отырылуын тапсырды.

Жанат СӘБИТОВ.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар