Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын несиеден несібесін тапқан - АРҚА АЖАРЫ

Шағын несиеден несібесін тапқан

Алғашқыда шағын бизнесін жиһаз жасаудан бастаған Мырзабек Нұрлан уақыт өте келе сұранысқа сай жұмыс бағытын өзгертуге бел байлаған екен.

–Басында шығарған өнімдерім жақсы өте бастағанымен, кейіннен сұраныстың тым кеміп кетуіне байланысты шығынға бата бастадым, – дейді «Нұрлан М» жеке кәсіпорнының иесі Мырзабек Нұрлан.
–Содан өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алып, құрылысқа қажетті газоблок, құмблок шығаруды қолға алдым. Шүкір, әзірге жағдайым жаман емес, шығарған өнімдерім де тез өтіп жатыр.
Шынында да, бүгінде Мырзабектің жұмысы жандана бастады деуге негіз бар. Оның айғағы ретінде 2019 жылға дейін алған несиесін биылғы жылдың аяғына дейін өтеуге бел байлағандығынан байқауға болады. Яғни, өзі айтып отырғандай шығарған өнімдерінің сапасы жоғары, бағасы да тұрғындар үшін тиімді болғандықтан тез өтіп жатыр. Бұл әрине, өз кезегінде жұмыс ауқымын молайта түсуді қажет етеді.
Өкінішке орай, міне осы арада біршама қиындықтар туындаған сыңайлы. Мәселен, алғашқыда үйінің жанындағы мың шаршы метр жерде жұмысын «дөңгелетіп» отырған кәсіпкерге шығаратын өнім көлемін молайтуға, өнімдерін сақтайтын қойма салуға, басқа да кәсіп үшін қажет ғимарат салуға жер керек. Бірақ, әзірге жер сұраған оның өтінішін аудан әкімдігі қанағаттандырмай отыр екен. Сондағы олардың айтатын уәждері: «Бос жер жоқ» дегенге саяды. Ал, Мырзабек Нұрланның айтуынша (бізге де көрсетті) үйінің іргесінде жер телімі бар. Бәлкім ол жердің иесі бар болар. Дегенмен, ешкімге алақан жаймай, шағын несие алып, кәсіпкерлікпен айналысып отырған азаматқа тағы бір он сотық жер тауып беру аудан басшылары үшін қиын шаруа болмаса керек. Бұл тұрғыда кәсіпкерлікті қолдау бөлімі, басқа да шағын және орта бизнестің дамуына мүдделі орындар көмек қолдарын созса игі.
Әзірге күніне 10 текше метр кірпіш шығаратын кәсіпкер қазірдің өзінде үш адамды жұмыспен қамтып, оларға орта есеппен 70-80 мың теңгеден еңбекақы төлейді. Сондай-ақ, ауылда тұрған соң мал асырайды, құс өсіреді дегендей, шама-шарқынша аудан экономикасының алға басуына үлес қосып, мүмкіндігінше салық төлеп отырған осындай азаматтарға қолдау қажет-ақ. Сайып келгенде, жұмыссыздықпен күресудің төте жолы осы емес пе? «Шағын бизнес неге дамымайды?» деп бас ауыртқанша өздері белсенділік танытып, көңілі қалаған іспен айналысуды жөн санаған кәсіпкерлерді қолтығынан демеген оларға да, әкімдікке де тиімді екендігі дау  тудырмайды.
–Шағымданғым келмейді, – дейді ол одан әрі. –Тек мүмкіндігінше он сотық жер берсе жұмыс ауқымы да кеңейіп, тағы да қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туар еді дегенім ғой.
 Шынында да алған несиесін уақытынан ерте жаба алатын, ісі алға баса бастаған осындай шағын бизнес өкілдері көп болса аудандағы жұмыссыздар да азайып, біраз әлеуметтік мәселелерді оң шешуге олар өз үлестерін қомақты етіп қосар еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар