Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұқаралық спорт кең өріс алып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Бұқаралық спорт кең өріс алып келеді

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында еліміздің өмірінің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылған. Оның ішінде, халық денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында салауаттылық өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жайы да бар.  Бұл бағытта атқарылған және атқарылады деп жоспарланған жұмыстар аз емес. Қазіргі күні облысымызда тұрғындардың арасында дене шынықтырумен үзбей айналысатындардың қатары жалпы халықтың 24,8 пайызына жетіп отыр.

 

Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш  25,5 пайызға жетеді деген болжамды жоспарымыз бар.  Бүгінгі таңда облыс аумағында 1165 дене шынықтыру және спорт ұжымдары бар және онда 7044 спорт секциялары жұмыс істейді. Сол спорт секция-ларында 184525 адам спорттың әр түрімен айналысады. Бұқаралық спорттың дамуы облысымыздың әр өңірінде әртүрлі. Мәселен, Жарқайың ауданында дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саны барлық тұрғындардың 29,2 пайызын құраса, Зеренді ауданында 28,4, ал, Аршалы ауданында 28,3 пайыз болып отыр. Бұқаралық спорт кенжелеп қалған өңірлер қатарында Қорғалжын ауданы мен облыс орталығы Көкшетау қаласы тұр. Онда бұл көрсеткіш сәйкесінше 21 және 20,4 пайыз деңгейінде.
Қазіргі таңда облыс аумағында дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндік беретін 2230 спорт залдары мен стадиондар және спорт алаңдары болса, олардың 1596-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталуға жақын. Осындай жүзу бассейндері Шортанды және Балкашин кенттерінде де салынуда. Биылғы жылы Целиноград және Егіндікөл аудандарында уақыт талабына сай жарақталған спорт залдары салынып, Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» стадионы күрделі жөндеуден өткізілді. Стадионда жеңіл атлеттерге арналған жүгіру жолдары қайта жаңғыртылды. Степногорск қаласында қазіргі заманғы спорт алаңы мен шағын стадион құрылысы салынуда. Астрахан ауданының орталық стадионының футбол алаңына жасанды төсеніш төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Спорт алаңдары мен стадиондарды, басқа да спорт жайларды салуға инвесторлардың қаржысын тартуға да жете назар аударылады. Осындай инвесторлардың қаржысына Щучинск-Бурабай курортты аймағында гольф клубының құрылысы жүргізілуде. Оған қажетті қаржыны «Қазмұнайгаз сервис НС» АҚ-ы бөліп отыр. Жақсы ауданында «Запорожье» серіктестігі мен Егіндікөл ауданында «Сарымсақты» серіктестігі өз қаржыларына спорт алаңдарын қайта қалпына келтіруде.
Айта кетерлік жай, барлық спорт алаңдары мен стадиондардағы түрлі секцияларда дайындық тегін жүргізіледі. Ал, мемлекеттік коммуналдық меншікке қарайтын спорт нысандарында тұрғындарға демалыс және сауықтыру қызметтері төменгі шекті тариф бойынша көрсетіледі. Ол атап айтқанда, ересектер үшін 300-600 теңге, ал балалар мен жасөспірімдер үшін 150-300 теңге көлемінде. Жеті жасқа дейінгі балаларға, көп балалы отбасылары мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға, сондай-ақ, ардагер спортшыларға, барлық деңгейдегі мүгедектерге сауықтыру қызметтері тегін көрсетіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге және зейнеткерлерге елу пайыздық жеңілдіктер қарастырылған. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жергілікті жердегі бұқаралық спортты өркендетуге түрлі клубтардың тигізетін ықпалы зор. Бүгінгі күні облысымызда 5 жасөспірімдер, 3 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы, 45 дене шынықтыру және сауықтыру клубы жұмыс істейді. Осы клубтарда барлығы 13853 адам дене шынықтырумен, спортпен айналысуда.
Жыл басынан бері 131,3 мың адамды қамтыған 1555 түрлі дәрежедегі спорт шаралары өткізілді. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда спорт шараларын өткізу  10 пайызға артып отыр. Облысымызда ең кең таралған спорт шараларының қатарында дәстүрлі қысқы спорт ойындарына арналған «Хрустальный колос» және жазғы ойындарға арналған «Ақ бидай» спартакиадалары, мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында өткізілетін «Үміт», облыстың мемлекеттік мекемелері қызметкерлері арасындағы «Бірлік» турнирлері сияқты жарыстар бар. Қазақша күрестен өткізіліп жүрген «Ақмола барысы» сайысы көпшілік тарапынан зор қызығушылықпен қабылдануда. Биылғы жылы мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында облыс орталығында президенттік тестілер мен тоғызқұмалақ жырысы өткізілді. Бұл сайыстарға үш жүздей мемлекеттік қызметкер қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Облысымызда бүгінгі күні республикалық жарыстарға қатысып жүрген үш кәсіби спорт клубы бар. Олар: «Арлан» хоккей клубы» серіктестігі, «Оқжетпес» футбол клубы»  және «Спорттың ойын түрлеріне арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары. Осы аталған клубтарда барлығы 643 спортшы бар. Қазақстан Республикасының түрлі спорт салалары бо-йынша құрама командаларына облысымыздан 333 спортшы кіретін болса, олардың 194-і олимпиадалық спорт түрлері бойынша.
Соңғы жылдарда облысымыздың спортшылары 7 әлемдік кубок үшін жарыстарға, 13 Азия құрлығы біріншіліктеріне және 106 халықаралық турнирлерге қатысты. Осы жарыстардан спортшыларымыз жалпы ауқымы 411 медальды  иеленсе, олардың 213-і олимпиадалық спорт түрлері бойынша жеңіп алған медальдар. Қазіргі күні республикалық және халықаралық деңгейде өткен жарыстарда үздік көсреткіштерге жеткен облысымыздың 47 спортшысына арнайы стипендия төленіп тұрады.  Ауылдық округтерде спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушы қызметін енгізуге қажетті нормативтік базаның жоқтығы, типтік спорт кешендерінің жетімсіздігі, балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарының және спорт мектептерінің аздығы – спорт саласын уақыт талабына сай биік деңгейге көтеруге біршама кедергілерін келтіруде. Бірақ та, бұлардың бәрі алдағы уақытта шешімін табады деген сенімдемін.
Надежда ПАТЮТКИНА,
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар