Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақылау кеңесі өз жұмысын бастады - АРҚА АЖАРЫ

Бақылау кеңесі өз жұмысын бастады

Шоқан Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысуымен бақылау кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.

Алқалы жиынды университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз сөйлеген  Бибігүл Асылова бақылау кеңестерінің маңызы жөнінде әңгіме қозғады.  Оның сөзіне жүгінсек,  аталмыш кеңес білім беру саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративті басқарудың жаңа үлгісі болып саналады. Ендеше, бақылау кеңестерінің негізгі міндеті  оқу орнының қарқынды дамуына ықпал етіп, оның  бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Кеңеске жергілікті атқарушы органдар өкілдері  мен  кәсіпкерлер мүшелік етеді. Сондықтан, таяу келешекте  мемлекет, қоғам және бизнес құрылымдары арасында мықты байланыс орнайды деп күтілуде.
Бұдан соң  күн тәртібінде тұрған басты міндет кеңес мүшелерін бекітіп, төраға мен хатшыны сайлау  мәселесі қарастырылды. Осылайша кеңес мүшелері  бірауыздан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровты төраға етіп сайлады. Ал, кеңес хатшысы болып оқу орнының стратегиялық жос-парлау, сапа менеджменті мен аккредитациялау қызметінің жетекшісі, доцент  Гүлнәр Төртқараева тағайындалды.  Өз кезегінде кеңес төрағасы Қадырхан Отаров  жүктелген міндетті  мүлтіксіз орындауға уәде берді.
Жиын қорытындысында  жиналғандарға аталмыш жоғары оқу орны жөнінде қысқаша ақпарат ұсынылды. Сонымен бірге, кеңес мүшелерінің міндеттері мен олардың алдағы уақытқа арналған жұмыс жоспары талқыланды. Бақылау кеңесінің отырысы әр тоқсан сайын өткізіліп отырмақшы.

Ырысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар