Үстіміздегі жылы жұмысын бастаған қоғамдық кеңестердің атқарып отырған игілікті істері өңірімізде беделді бір қоғамдық институттың құрылып, әртүрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірлерін білдіретін пікірталас алаңына айналғандығының жарқын дәлелі болып отыр.
Қоғамдық кеңестердің құрамына әр алуан санаттар мен жіктердің, зиялы қауымның, мемлекеттік құрылымдардың, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, облысымыздың құрметті азаматтарының, жас-тар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, облысымыздың он тоғыз өңірінде қоғамдық кеңестер құрылып, жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда қоғамдық негізде 266 адам, соның ішінде облыстық қоғамдық кеңесте 21 адам жұмыс істейді. Іс-әрекетіміздің басым бағыттары анықталып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.
Осы уақыт ішінде барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестермен 150 отырыс өткізіліп, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты және қоғамның қызығушылығын тудыратын мәселелер қаралды. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері
айына бір рет шешімдерді, соның ішінде әр алуан саланы қамтитын нормативтік-құқықтық актілерді талқылау және қабылдау үшін жиналады. Атап айтар болсақ: «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің атқарған істерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту, мемлекеттік органдардың ережелерін, мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламентін, жиналыстар мен митингілерді өткізудің қосымша тәртіптерін, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізімін бекіту, жер салығы мөлшерлемесін өзгерту, аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйлік көмек көрсетудің тәртібі мен мөлшерін анықтау, облыстық бюджеттің жүзеге асырылуы және тағы да басқа мәселелер.
Облыстық қоғамдық кеңестің ақпан айында өткізілген алғашқы отырысында өңір басшысы Сергей Кулагиннің 2015 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға міндеттері туралы есебі тыңдалып, атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.
Кеңес мүшелері Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді тұрғындарға түсіндіру бағытында біршама жұмыстар атқарды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында
М. Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында жер заңнамасын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы өкілдерінің, аудандар мен қалалардың қоғамдық кеңестерінің, саяси партиялар филиалдарының, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың, шаруа қожалықтары, этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілді. Шара барысында ашық диалог өткізіліп, аграршылар мен фермерлер Жер кодексінің аспектілеріне, соның ішінде пайлардың сақталуына, жерді сатудың шарттарына және мал жайылымдарын бөлуге байланыс-ты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Өңіріміздің ғалымдары өз ойларымен бөлісті. Маусым айында жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның қатысуымен жер заңнамасының мәселелері бо-йынша 250 адамды қамтыған отырыс ұйымдастырылды. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде аудандарға іссапарларға шығып, кәсіпорындардың жұмысшыларымен және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Жиналыстарда қоғамдық кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстары тыңдалып, талқыланды. Жер заңнамасының мәселелері жөніндегі жұмыстың қорытындылары бойынша қоғамдық кеңеспен бірқатар ұсыныстар жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияға қарау үшін жіберілді. Қоғамдық кеңестің жанынан құрылған экономика мен бюджет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Комиссия мүшелері алға қойылған мәселелерді шешу жөнінде өз ұсыныстарын енгізіп, істердің жағдайына әділ бағаларын береді. Оның мүшелерін облыстық әкімдіктің жанынан құрылған комиссиялардың құрамына қосу да айрықша рөл атқарып, өңірімізде болып жатқан маңызды оқиғалардан хабардар болуымызға мүмкіндік береді. Бұл жерде айта кетер бір жәйт, барлық шаралар ашық сипатта өткізіледі. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тағы басқалары қатысады. Ақмола облыстық мәслихатының интернет-ресурсында «Қоғамдық кеңес» атты арнайы айдар ашып, өзіміз жайлы толық ақпарат орналастырдық, ондағы жаңалықтар жүйелі түрде жаңартылып отырады. Облыстық газеттердің беттерінде атқарылып жатқан істеріміз жайлы мақалалар жарияланса, облыстық телеарналарда мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелерінің сұхбаттары ұйымдастырылып тұрады.
Есептік мемлекетті қалыптастыруда қоғамдық кеңестерге зор жауапкершілік жүктелген. Заңнамаға сәйкес, тек қана қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірлерін есепке ала отырып, әкімдіктер азаматтардың мүдделерін қозғайтын және тұрғындардың жалпы әлеуметтік жағдайларына ықпал ететін шешімдер қабылдауы тиіс.
Дулат ЖҰРЫМБАЕВ,
облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы.