Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ 166/25 түзету мекемелерінде арнайы оқу орындарының сотталған тыңдаушылары арасында «Ең үздік маман-2016» сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа барлық мекемелерден көптеген жазасын өтеушілер қатысты. Оның шарты бойынша қатысушылар өздерінің жеке жұмыстарын ұсынып, өз мамандығының шебері екенін дәлелдеу барысында теориялық және практикалық жұмыс жасау амалдарын көрсетті.
Аталмыш шараға білгір, кәсіби мамандар қазылық етті. Сайыс соңында жеңімпаздар департамент бастығының дипломдарымен және мадақтамаларымен марапатталды. Біздің мекемеде өз жазасын өтеп жатқан сотталған-тыңдаушы Ринат Әлиев «2016 жылдың ең үздік маманы» са-йысында тігінші мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімінің терең екендігін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.
Айдарбек ҚҰДИЯРОВ,
сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы.