«Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының «Алтын ел» алғашқы партия ұйымының мүшелері солтүстік аймақтағы ең жоғары нүкте – биіктігі 947 метр Көкшетау тауының ұшар басына шықты.
Мұндай жорыққа бірінші рет шыққалы отырған алтынелдіктер мұқият дайындалып, жолда кездескен қиыншылықтарға еш мойымастан қасқайып қарсы тұра білді. Көтеріңкі көңіл-күйде таудың ұшар басына шыққан олардың сол сәттегі қуаныштарында шек жоқ еді. Жүздері бал-бұл жанып, біріне-бірі бастан кешкендерін асқан бір ынтызарлықпен әңгімелеп, әркім өз әсерлерімен бөлісті.
– Біздің ұйымда бірінші кезекте жастарды, ерекше тұтынушылықты қажет ететін адамдарды, өндіріс зейнеткерлерін қолдауға бағытталған жобалар мен акциялар көптеп жүзеге асырылады. Осындай акциялар спортты, салауатты өмір салтын және көпұлтты мемлекетіміздің ынтымақтастығын насихаттауда өзінің игі әсерін тигізеді, – дейді ұйым төрағасы Эльдар Азизов.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.