Ресейдің профильді жоғары оқу орындарына білім алуға баратын Көкшетау техникалық институтының бірінші курс курсанттары ант қабылдады.
Ант беру рәсімі аталмыш білім ордасының саптық алаңында өткізілді. Салтанатты шарада Көкшетау техникалық институты басшысының міндетін атқарушы Кендебай Райымбеков құттықтау сөз сөйлеп, курсанттарға білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тілеп, болашақта қызметтеріне адал болуға шақырды.
Институттың баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінер болсақ, үстіміздегі жылы Көкшетау техникалық институтының күндізгі бөліміне 143 курсант оқуға түскен. Оның 32 курсанты Ресейдің профильді жоғары оқу орындарында білім алмақ. Мәселен, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Санкт-Петербург Мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетіне бес адам жіберілсе, Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс академиясына бес, өртке қарсы қызмет академиясына он екі, өртке қарсы қызмет Орал институтына он курсант жөнелтіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.