Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыздыққа жол берілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыздыққа жол берілмейді

Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті басшысының орынбасары Азамат Мырзалиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Онда Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы нормаларының сақталуын қадағалау мақсатында биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыстағы денсаулық сақтау басқармасына қарасты бірқатар медициналық мекемелерге жүргізілген тексерістің қорытындысы шығарылды.
Қазақстанның орталық коммуникация-лар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндама жасаған департамент басшысының орынбасары тексеріс кезінде қалалық және аудандық ауруханалар мен емханаларда өлшем құралын қолдануда метрологиялық куәландырудың болмауы – өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеу тізіліміне енгізілмеу және тексерместен өткізу сияқты өрескел заң бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.
Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 31 мемерологиялық тексеріс жүргізіліп, 20 бұзушылық анықталған.  Тексеріс жүргізілген медициналық мекемелердің ішінде науқастарға диагностика жасау және емдеу кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеу тізіліміне енгізілмегені және кейбір өлшем бірліктерінің мерзімі өткендігі дәлелденді. Осындай олқылықтар бірқатар медициналық мекемелерде тіркелді. Оларға 21 хаттама толтырылып, 4973,74 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, қолдануға жарамсыз, мерзімі өткен өлшем құралдарын пайдаланудан алып тастау жөнінде нұсқау берілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар