«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты «Жас-тар кадрлық резерві» жобасы аясында баспасөз мәслихатын өткізді.
Ең алдымен «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова сөз сөйлеп, «Жастар кадрлық резерві» жобасы жастар үшін үлкен мүмкіндіктер сыйлайтын пайдалы жоба екенін айтты. Аталмыш жобаға жеті жыл ішінде Қазақстан бойынша 13000-ға жуық жас қатысуға өтінім берген, соның ішінде байқаулық іріктеуден, тесттер мен ұлттық компанияларда тағылымдамалардан өтуге жолдама алған 404 адам іріктеліп алыныпты. Шара барысында 2015 жылы аталмыш жобаға қатысқан Сымбат Үсен жалынды жастардың өнері мен кәсіби деңгейлерін көтеруге бағытталған жобаға өзіне сенетін әр жас қатысып көруге тиісті екенін жеткізді.
«Жастар кадрлық резерві» жобасы 31 тамызға дейін жалғаспақ. Бұл жобаға қатысуға ниет білдірген жастар жобаның ресми парақшасында www.rezerv.kz өз өтінімін бере алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.