Жаңа оқу жылы қарсаңында Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешіті және «Зекет» қайырымдылық қоры «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.
Биылғы жылы 240 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер табысталды. Шараның мақсаты облыстағы аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсету болып табылады.
Онда сөз сөйлеген облыс имамы Қанат Қыдырмин жиналған қауымға бір істі «Бисмилләһ» деп бастағанда, ол іс оң нәтижелер әкелетінін айтты. «Мектепке жол» акциясы жылдан-жылға жалғасын тауып жатса, оның өзі үлкен бақыт екенін айтып өтті. Содан соң облыстық «Зекет» қайырымдылық қорының жетекшісі Ербол Мырзатаев мектеп оқушыларына оқуда зор жетістікке жетулеріне тілектестігін білдіріп, мектеп оқушыларына сөмкелер мен құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
Акция аясында мектептік құрал-жабдық алған алты баланың анасы Жұлдыз Ахмерова көрсетілген қамқорлық сауабынан болсын деп жылы лебізін білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.