Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Даму» кәсіпкерлердің дамуына көмектесуде - АРҚА АЖАРЫ

«Даму» кәсіпкерлердің дамуына көмектесуде

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға баспасөз сапарын ұйымдастырды.

Баспасөз сапары алдымен Көкшетау қаласындағы «Болашақ» жекеменшік бала бақшасынан басталды. Биылғы жылдың наурыз айында ашылған бала бақша 2-6 жас аралығындағы балаларға тәлім-тәрбие береді. Кәсіпкер Манар Әубәкірова «Сбербанк» акционерлік қоғамынан 11 миллион теңге көлемінде несие алып, екі қабатты коттеджді бала бақшаға бейімдеп қайта жасаған. Қазір мұнда 20 бала тәлім алады.
Сапарымыздың келесі нысаны Ақкөл ауданының Ақкөл қаласындағы «Егорова» шаруа  қожалығы болды. Қожалықтың иесі Галина Егорова «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасы көмегімен Ақкөл қаласында қонақ үй салыпты. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Ол 7 жылға несие алып, қонақ үй құрылысын биыл сәуірде толық аяқтапты. «Несиесіз-ақ, өз күшіммен саламын деп ойлаған едім, алайда оған шамамның жетпейтінін сезіп несие алдым. Бұл бағдарлама бойынша несиенің 10
пайызын мемлекет төлейді де, қалған 4 пайызын мен төлеймін. Үш жылдан соң құжаттарды қайта қарап, келісім-шарт мерзімін ұзартатын мүмкіндік те болып қалар, – дейді кәсіпкер. Бизнес-класстағы «Керуен-караван» деп аталатын қонақ үй 15 бөлмеден тұрады. Кәдімгі бөлмелермен қатар, жартылай люкс және люкс бөлмелер де бар.  Қонақ үй ашылғалы бұл жерде 9 адам жұмысқа орналасып, күнделікті табысын тауып жатыр. Галина Егорова мұнда телефон желісін тарта алмай отырғанын айтты. Аудандық «Астанателекомға» телефон мен интернет орнату үшін желі керек депті. Бұл кісі керек-жарағын толық дайындап беремін десе де, олар ұзын арқан, кең тұсауға салып, әлі орнатпай жүрген көрінеді. Осы мәселенің шешілуіне қол ұшын беруін сұрайды кәсіпкер.  Оның өтініші бойынша «Астанателекомның» аудандық басшысы Анастасия Яковлеваға қоңырау шалған болатынбыз. Ол кісі кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырып, керекті желіні тартып береміз деп отыр. Осы уақытқа дейін мұны жүзеге асыра алмағандықтары  жаз айларында жұмысшылардың біразы еңбек демалысына шығып, көптеген мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жұмыс қолы тапшы екенін жеткізді.  
Бұдан соң сапар Бұланды ауданы Макинка қаласындағы «Шәріпова М.К» шаруа қожалығының ашқан наубайханасында жалғасты. Маржан Шәріпованың ашқан нау-байханасында екі кондитер, екі жүргізуші және үш ауысыммен тағы да төрт адам жұмыс істейді. Маржан Шәріпова 2006 жылы наубайхана ашып, ескі пештермен нан өнімдерін дайындаған көрінеді. Кейін 2014 жылы 20 миллион теңге көлемінде несие алып, оның 15 миллионына Италиядан жаңа пештер әкеліп орнатқан, қалған бес миллион теңгесін тауар айналымына жұмсаған. Бүгінгі күні Бұланды мен Еңбекшілдер аудандарына өнімдерін сатып, шаруашылығын дамытуда. Алған 14 пайыздық несиесінің 7 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы төлейді.
Баспасөз сапарының келесі нысаны Щучинск қаласының түстігінде орналасқан «Жасыл Ел-Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болды. Серіктестік 2015 жылдың 19-шы тамызынан бастап жұмыс істеуде. Спорттық гүлзар өсірумен айналысатын шаруашылық басшысы Жасұлан Асылбеков биыл мамыр айының басында Голландиядан спорттық гүлзардың тұқымын әкеп еккен. Екпес бұрын, жерді өңдеп, бұрынғы жергілікті өсімдіктерден тазалап, құнарландырыпты. Жерді үш рет трактормен жыртып, тырмалаған соң, қалған өсімдіктерді қолмен тазалауға тура келіпті. Сол үшін 18 адамды жұмысқа алған. Серіктестікте жұмыс істейтіндер 80 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бүгінгі күні 30 адамды жұмысқа алатын мүмкіндіктері бар. Алайда, жұмыс іздеп келген адамдар 2-3 күннен соң жұмыстан шығып кетеді екен. Өйткені,  жұмыс ауыр, жерді баптаудың бейнеті көп. Серіктестіктің директоры Руслан Асылбековтың айтуынша, қазір 35 гектар жерге гүлзар егілген. Болашақта жер көлемі ұлғайып, 70-80 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. «Біз қазіргі уақытта «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне гүлзар өсіріп жатырмыз. ЭКСПО  өткен соң шаруашылықтарыңыз тұралап қалмай ма деп сұрақ қоюшылар болды. Әрине, әр нәрсені бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір кесу керек. Біз де гүлзар өсіруді бастамас бұрын бұл істі жан-жақты сараптап алдық. Астана қаласы әлі жиырма жыл салынады. Ол ғана емес, таяудағы басқа қалалар мен аудандарда да құрылыс жүргізіліп жатыр. Әр салынған ғимараттың аумағының заң жүзінде 30 пайызы абаттандырылуы қажет. Ал, ол құрылыс компаниялары өздері гүлзар егіп жатпайды ғой. Сатып алады. Мұндай питомниктер Алматы мен Шымкент қалаларында және Ресейде ғана бар. Ол жерлерден гүлзар сатып алу тиімсіз», – дейді ол. Баспасөз сапарының соңғы нысаны Щучинск қаласында орналасқан «Сәкенов» шаруа қожалығы болды. Ол «Даму» қорының көмегімен 35 миллион теңге көлемінде несие алып, балалар ойын-сауық кешенін ашқан. Бұл жерде бүгін 40 адам жұмысқа орналасып, еңбек етіп жүр.

Мерген ТОҚСАНБАЙ.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар