Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су еркелікті көтермейді - АРҚА АЖАРЫ

Су еркелікті көтермейді

Біздің Ақмола-Көкше өңірі  бір жылы суы тартылса, енді бір жылы жағалауынан асып таситын Нұра, ерке Есіл өзенімен, Бурабай қойнауындағы суы көздің жасындай мөлдір талай ақынның жырына арқау болған сексен көлімен, балығы тайдай тулап жататын Қорғалжын атырабындағы теңіз-шалқарларымен ерекше екендігі белгілі. Жалпы, облыс аумағында ірілі-ұсақты 754 көл бар екен. Бұлардың басым көпшілігі балыққа бай болғандықтан, әуесқой балықшылардың сүйікті орындарына айналса, енді біразының жағасы жаз айларында көпшіліктің суға шомылып, күнге қыздырынатындарға толы болады.

Әрине, Көкшетау қаласын құшағына ала жатқан Қопа мен Бурабай курортты аймағындағы көлдерде жұртшылықтың суға шомылуларына толық жағдай жасалып, қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, адамдар көп баратын тағы да отыз шақты көлдің жағасында  судан құтқарумен айналысатын арнайы жасақтар бар. Ал, жоғарыда айтылған басқа шағын көлдердің бәрінде бірдей ондай мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, өзен-көлдерді жағалайтындардың арасында қарапайым қауіпсіздік шараларын ескермейтіндер өте көп екендігін айту керек. Міне, осындай немқұрайлылықтың салдарынан биылғы маусымның өзінде облысымызда 16 адам суға кетсе, оның екеуі жасы кәмелетке толмаған бала.  Бұл арада, адам өміріне ең қауіпті болып отырған Есіл мен Нұра өзендері болып отыр.
Жуырда Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отряды, Целиноград аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті полиция бөлімі бірлесіп журналистермен арнайы брифинг өткізді. Бұл брифингтің бір ерекшелігі, ұйымдастырушылардың журналистермен жүздесуін биыл судағы қайғылы оқиғалар өте көп орын алған Целиноград ауданында, атап айтқанда Нұра өзенінің жағасында өткізуі болды.
–Биыл суға шомылу маусымы басталғаннан бері адамдар көп жиналатын өзен-көлдерді аралап, жұртшылыққа қауіпсіздік шараларын ұмытпау тұрғысында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару отрядының жетекшісі, полковник Дәулет Шамиғанов. – Әрине, барлық су қоймаларын, көптеген көлдерді толық қамту мүмкін емес. Азаматтардың немқұрайлылыққа, «жүзуді жақсы меңгергенмін» деген менмендікке, тіпті  көп жағдайда масаң күйінде суға түсуге жол беретіндіктерін атап айту керек. Осындай жағдайлардың салдарынан облысымызда өткен жылы 31 адам суға  кетсе, оның 9-ы бала екендігі ешкімді бейжай қалдыруға тиіс емес. Өкінішке орай, өткен жылғы осындай қайғылы оқиғалар сабақ болмады. Міне, жаз әлі аяқталған жоқ, бірақ бүгінге дейін облыс аумағында 16 адам суға кетті. Оның ішінде әсіресе, Целиноград ауданындағы ахуал жақсы болмай тұр.
Шынында да, облыс аумағында балықшылар мен суға шомылуға құмарлардың тұрақты орындарына айналған  көлдер аз емес. Сондай-ақ, тек сенбі, жексенбі күндерінде ғана емес аптаның барлық күнінде Нұра өзенін жағалай отырған балықшыларды көресіз. Олардың арасында тек балық аулаумен шектелмей, суға шомылуға әуестер де өте көп. Әрине, суға түскен дұрыс. Дегенмен, қауіпсіздік шараларына мән бермеудің аяғы қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін екендігін ұмытып кететіндердің көптігі алаңдатады.
Айтпақшы,  айта кететін тағы бір мәселе, сол өзен-көлдердің жағаларының күл-қоқысқа толып кеткендігі. Бұл арада «Экологияны қорғауға тиісті мамандар қайда?» деген сұрақ туындау мүмкін. Дегенмен, барлық көлдердің жағасына құтқарушы мен полиция қызметкерін және экологты апарып қою мүмкін емес. Яғни, қауіпсіздік шараларымен қатар көпшілігімізде қарапайым мәдениет пен қоршаған ортаға деген қамқорлықтың жетіспей жатқандығын мойындау керек.
– Жақын жердегі көлдер мен Нұраның жағасын жиі аралаймын, ондағы балықшылар мен басқа да демалушыларға тазалықты сақтауды ескертуден жалыққан емеспін, – дейді  учаскелік инспектор Тұрсынхан Жүнісов. – Бәрі келіседі, бірақ келесі күні орындары қоқысқа толып жатады. Тіпті, «Маған ақыл айтатын сен кімсің? Ертең жұмыстан шығартамын» деп қоқан-лоққы көрсететіндер де жоқ емес. Астана  жақын болғандықтан үлкенді-кішілі шенеуніктер келіп тұрады ғой. Солардың арасында өкінішке орай, осындайлар да кездеседі.
Міне, облысымыздағы өзен-көлдердің маңайларындағы жағдай осындай. Әрине, судан қорғану мәселесін тек полиция қызметкерлерінің күшімен немесе құтқарушылардың көмегімен ғана шешу мүмкін емес. «Сақтансаң – сақтайды» деген қағиданы ескеріп, қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал. Сонда жоғарыда айтылған қайғылы оқиғаларға жол берілмейді.

Талғат ҚАСЕН.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар