Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамқорлық нышаны - АРҚА АЖАРЫ

Қамқорлық нышаны

Облыс әкімі Сергей Кулагин тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Ақкөл қаласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген балалар үйін пайдалануға беру салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы тәуелсіздіктің 25 жылдығы облысымыздағы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар үшін ерекше есте қалатын болды. Барлық қазақстандықтар үшін елеулі жылды мерекелеу аясында облысымызда көптеген игі істер жүзеге асырылуда. Соның бірі, Ақкөл қаласында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген балалар үйінің есігін айқара ашуы болып отыр. Мұндағы тәрбиеленушілер осыған дейін бұдан жарты ғасыр бұрын салынған ғимаратты паналап келді. 2015 жылы облыс әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасымен балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған болатын. Ол үшін бюджеттен 761,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде 145 орындық нысанда балалардың тұрып, білім алуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Оған қоса интернет клуб бар. Заман талабына сай жабдықталған балалар үйіне Степногорск қаласындағы балалар үйінен 40 тәрбиеленуші жеткізілді. Ондағы балалар үйі алдағы уақытта балабақша ретінде пайдаланылатын болады.
Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Сергей Кулагин балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілерін қуаныштарымен құттықтады.
– Бүгін баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Облысымыздағы жетім балаларға заман талабына сай жабдықталған әсем ғимаратты жөндеп бердік. Тәуелсіз еліміз барда, оларды ешкім жылатпайды. Керісінше, ешқандай қиыншылық көрмей өсулеріне барлық жағдайды жасайтын боламыз. Бұл Елбасының бізге берген тапсырмасы. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз, – деді Сергей Кулагин.
Бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Балия Әкімбекова да елімізде білім беру саласында атқарылып жатқан игі істер туралы айтып өтті. Шара барысында қонақтар балалар үйінің тәрбиеленушілері ұсынған «Жаса Қазақстан» флешмобын тамашалады. Сондай-ақ, балалар үйінің ішкі бөлмелері мен шағын футбол алаңы, хоккей корты және тренажер алаңын аралап көрді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар