Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата Заңым – мемлекеттің тірегі - АРҚА АЖАРЫ

Ата Заңым – мемлекеттің тірегі

Облыс әкімі Сергей Кулагин «Көкшетау» мәдениет сара-йында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыста сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, бір топ қызметкерлерге Алғыс хат табыс етті.

  Конституция күні – қазақстандықтардың ең ұлық мерекелерінің бірі. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басып, Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Мәдениет сарайының фойесінде Конституция күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін сөз сөйлеген облыс әкімі Сергей Кулагин жиналған қауымды мерекелерімен құттықтай келе, елімізде, өңірімізде атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.
Бүгінгі таңда Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің арасында көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Осының жарқын айғағын біздің облысымыздың жетістіктерінен де көруге болады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнес нысандары ұдайы өсуде. Соңғы үш жылдың ішінде ғана олардың саны 51 мыңға дейін артты. Шағын және орта бизнес нысандары 63 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, 112 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл Конституция негізінде әлеуметтік жаңғыртудың жүзеге асырылып, орта буын өкілдерінің өсіп келе жатқандығының айқын үлгісі. Қол жеткізген табыстарымыз экономикамыздың әрі қарай дамып, Елбасы қойған одан да ауқымды міндеттерге жетуіміздің жақсы базасы болмақ. Күні кеше ғана облыс орталығында жаңа балабақша және Ақкөл қаласында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған балалар үйі ашылды. Үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегінде Щучинск пен Ерейментау қалаларында, Целиноград ауданының Тайтөбе, Еңбекшілдер ауданының Мақпал ауылдарында жаңа мектептер есіктерін айқара ашпақ. Жыл соңына дейін 96-шы разъездегі мектеп пен Станционный кентіндегі балабақшаның құрылысы аяқталады. 2010 жылдан бері өңірімізде индустриалды-инновациялық дамытудың бағдарламасы аясында 64 жоба жүзеге асырылып, 6,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Конституциямен кепілдендірілген еңбек және кәсіпкерлік еркіндігі ел игілігіне өлшеусіз үлес қосты. Алдағы уақытта «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 700 мың шаршы метр-ден астам тұрғын үй құрылысы салынбақ.
Салтанатты жиналыс барысында өңір басшысы Сергей Кулагин бір топ қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай және облысымыздың әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік шараның соңы облысымыздың шығармашылық ұжымдарымен дайындалған концертке ұласты.

Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар