Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кенесары ауылы - АРҚА АЖАРЫ

Кенесары ауылы

Көкшетау мен Щучинск күре жолының бойында орналасқан іргелі ауыл қазақтың соңғы ханы Кенесарының есімімен аталады. Бұл елді мекенге бар өмірін ұлт азаттық күресіне арнаған қазақ ханының есімінің берілуінің өзіндік себептері бар.  Ауылдың бұрынғы аты Үлкен Жамантұз. Кейін патшалы Ресейдің кезінде бұл жерге орыстар қоныстаныпты. Орыс ұлтының көбеюі мен орыстандыру саясатының салдарынан ауылдың атын Александровка селосы деп өзгерткен.

Сол заманда жер-су аттарының көбі орысшаланғаны мәлім. Ауылдан 3-4 шақырым жердегі Балықты көлі де «Ханское озеро» болып аталады. Себебі, бұл жерді әуелде Кенесары хан жайлап, осы көлдің маңына қоныстанған екен. Ел ішінде сақталған әңгімеге сенсек, ол заманда көлдің жағасынан ауыл іргесіндегі Қылшақты өзеніне дейін қалың ағаш, ну жыныс болған. Бұл өлкені алғаш қоныстанған орыстар оны «Ханское пастбище» деп атапты. Игілік, Кіші Жамантұз, Қарабұлақ (қазіргі Қанай би), Фрунзе (қазіргі Абылай хан) сияқты осы төңіректегі ауылдардың қазақтары Александровка деп айтып жатуды ауырсынып «Қаныскей» деп атап жүріпті. Сондай-ақ, ауылдың маңынан өтетін теміржол станциясының Жамантұз аталуына байланысты ауыл да ел аузында осылай аталып келген. Содан 1992 жылы Кенесары ханның 190 жылдығына орай, бұл ауылға Кенесары есімі берілді.
Кешегі Кенесары – Наурызбайлардың жорықтас серігі жырау Нысанбайдың толғауында:
Дүрі жауһар данасы,
Әркімнің Алла панасы.
Жан біткенге несібе,
Дәрияның аққан саласы.
Үйсіздерге үй болған,
Би – отанның ханасы.
Кенесары-Наурызбай,
Абылай хан-ды бабасы.
Әуелгі мекен-тұрағы,
Көкшетаудың даласы, –
деп жырлап кеткен болатын. Ертедегі Абылай ханға 48 жыл орда болған Бурабайдың маңындағы Қылшақты өзені мен Балықты көлінің жағасын бертіндегі Кенесары хан жайлаған. Ендеше, аруақты ерлер мекен етіп, елдік үшін күресіп өткен аймақты сол ерлердің атымен атаған орынды. Кейінгі ұрпақтың мақтанып айтып, рухтанып жүруі үшін де бұл қажет.
Кенесары ауылы тоғыз жолдың торабында тұр. Сондықтан, болашақта өсіп-өркендеп қанат жаюына мүмкіндік мол.
Бурабай ауданының бас имамының айтуынша, ауылымызға мешіт салынып, оған Кенесары ханның есімі берілмек. Бұл да біз үшін үлкен қуаныштың нышаны. Ауыл тұрғындарын ендігі жерде «Кенесары ханға» орталықтан ескерткіш орнатылса екен деп армандайды. Қазақ халқының еркіндігі үшін патша үкіметімен 10 жыл соғысып, беріспей өткен қайсар ханның қырғыздардың қолынан қапияда мерт болғанын бәріміз жақсы білеміз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында азаттық үшін күрескен Кенесары ханға ескерткіш орнатылса, оңды болар еді.
Айнара ЖҮСІПОВА,
химия-биология пәнінің мұғалімі.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар