Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің тілегі ескерілді - АРҚА АЖАРЫ

Елдің тілегі ескерілді

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.Қордаланған мәселелерін шешу үшін облыс орталығы мен ауданда тұратын үш тұрғын қабылдауға жазылды.

Үстіміздегі жылы кешкі мектепті тәмамдаған үшінші топтағы мүгедек Владимир Гладков   жұмысшы мамандығын алуға  көмек көрсетуді сұрады.  Дәурен Әділбеков жұмысшы мамандығын игеруге деген құлшынысы жоғары жас жігітке ризашылығын білдіріп, діттеген мақсатына жетуін тіледі. Бүгінде қоғамдық қабылдауда болған азамат  қаладағы  №1 сервистік-техникалық колледжіне  «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығына оқуға түсті.
Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылының тұрғыны Әмина Нұрпейісова  өзінің екінші топтағы мүгедек жиенін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  интернатқа орналастыруын өтінді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне сүйенсек, азаматшаның жиені №118-ші интернатқа жіберілуге кезекте тұр екен. Әзірге отбасының әлеуметтік жағдайының ауырлығына байланысты  жарымжан Степногорск қаласындағы стационарға жөнелтілмек. Ал, қала тұрғыны Ләззат Жаманбаева   тұрғын үйге кезекке тұру мәселесі бойынша өтініш жасады. Оған тұрғын үй заңнамасы түсіндіріліп, сауалдарына нақты жауап берілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар