Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ізгіліктің алтын арқауы - АРҚА АЖАРЫ

Ізгіліктің алтын арқауы

Бір данышпан: «Заң от сияқты, оны орнымен қолдансаң  маңайына жылуын береді, орнымен қолданбасаң, жолындағыны өртеп тынады» деген екен. Осы даналықта үлкен сыр жатыр. Шынында да, заң адамзат үшін оның еркіндігін паш етіп, құқығының аяқ асты болмауына  зор ықпалын тигізеді. Яғни, барлық заң ең алдымен адамдарға қызмет ету үшін жасалады.

 

Барша  заңдардың бастау арнасы – Конституция қоғамдағы бар ізгілік пен мейірімділіктің алтын арқауы іспеттес. Адамның дүниеге келгеннен бастап, бақи өмірге кеткенге дейінгі тіршілігі осы Ата Заңмен жүйеленеді. Өмір есігін ашқан күні оған тууы туралы куәлік беріліп, елдің бір азаматы екенін нақтылайды. Одан әрі білім алуға, еңбек етуге және басқа да көптеген құндылықтарды игеруге еркіндік пен құқық алады. Сот жүйесі де адамның құқығын сақтаудың бір арнасы. Ешкім өзінің  нәсілі, тілі, түрі және діні бойынша алаланбайды, кемсітуге ұшырамайды. Бұл Ата Заңымызда баса айтылған қағидалар. Сондықтан, сот төрелігінің негізгі мақсаты – адам құқығы мен бостандығын сақтауға дәнекер болуды білдіреді.
Сот саласында осыдан бірнеше жыл бұрын енгізілген медиация, яғни, араағайындық институты да қазіргі күні адамдардың арасында жиі кездесіп жататын ұсақ-түйек дауларды шешуге үлкен игі ықпалын тигізуде.  Дау-дамай туған оқиғаларда оның барлығын сотта қарай берудің де әуре-сарсаңы көп екенін несіне жасырамыз. Ұзаққа созылған сот процестері де адамдарды титықтатады. Мәселен,  бір-біріне ақшаны қарызға берген екі адам өзара келіспеушілікке  кезігеді. Сотсыз-ақ бұл мәселені шешуге болар еді. Бірақ, олар бір-біріне кешіріммен қарай алмайды. Мұның соңы сотқа арызданумен аяқталады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ел судьяларының  6-ыншы съезінде сөйлеген сөзінде: «Жиырма бірінші ғасырда мемлекет дамуының басты өлшемі – ұлттық сот төрелігі жүйесі болып табылады. Тәуелсіз де, әділ сот – құқықтық мемлекеттің тұғыры» деген болатын. Бұл бүгінгі жаңару заманында сот жүйесін де жаңа сипатта дамыту маңызды екенін көрсетеді. Жаңа жылдан бастап  енгізілген сот ісін жүргізудің үш сатылы үлгісі әлемдік талаптарға сай келеді. Бұл сот шешімдерінің жедел күшіне енуіне де мүмкіндік туғызады. Осының бәрі адам мүддесін қорғауға негізделіп отырғанын көреміз. Жаңағы айтқан медиация болсын, басқа да азаматтық және қылмыстық істерді қарау Ата Заңымызда айтылған қағидалармен ұштасуы тиіс.
Ата Заң – ізгілік пен мейірімділіктің алтын арқауы дер едік. Қай ел болсын,  ең алдымен, өз тәуелсіздігінің баянды болуы үшін  қам жасайтыны анық. Біздің Ата Заңымыз да осы елді мекен еткен сан ұлттың бірлігін жарастырып, берекесін келтіріп, табысын жоғарылататыны еш жасырын болмаса керек.
Сот жүйесінің жаңа реформаларды қолға алуының астарында осы келелі міндеттер жатыр. Қоғамның ең басты құндылығы – адам десек, оның бар бостандығы мен құқығын қорғау мақсатында соттардың әділ де, тәуелсіз сипатында қызмет ететіні анық.

Әсел ӘБИМҰРАТОВА,
Бурабай аудандық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар