Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған Ая Мұстафина еліміз егемендік алған алғашқы жылдары прокуратура органдарына жұмысқа орналасады.
Содан бері жиырма үш жыл уақыт зымырап өте шығыпты. Ая Кәжікәкімқызы Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі. Ұзақ жылғы ерен еңбектері үшін бірінші дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен, «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан прокуратурасына 20 жыл» медальдарымен наградталған. Өзінің сүйікті ісін жетік білетін ол өткен жылы прокуратура органдарына сіңірген еңбегі және қалтқысыз қызметі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптестері арасында сыйлы, беделі зор Ая Кәжікәкімқызы үшін Конституция күні екі бірдей қуаныш. Мемлекеттік мереке қарсаңында оның туған күні. Қос қуаныш иесін мерекелерімен құттықтай отырып, еліміздің гүлденуі мен көркеюі жолындағы еңбегіне табыс тілейміз.
Жанат КӨШЕЙ.