Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жазғы демалыс назарда - АРҚА АЖАРЫ

Жазғы демалыс назарда

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында облысымызда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы туралы мәселе қаралды. Аталмыш шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысты.

Отырысты әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Мащинская ашып, жүргізіп отырды. Шара барысында сөз сөйлеген облыстық мәслихаттың депутаты, комиссия төрайымының орынбасары, «Сұңқар» сауықтыру кешенінің меңгерушісі Қайрат Сұлтанов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева өңірімізде жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бағытында көптеген игілікті істер атқарылғандығы жайлы айта келіп, алдағы уақытта шешімін табуды қажет ететін мәселелерге де тоқталып өтті.
Үстіміздегі жылы балалардың жазғы демалысына жергілікті бюджеттен 126,7 миллион теңге бөлінген. Облыста оқушыларды сауықтырумен 20 балалар лагері айналысады. Оның 13-і мемлекеттік болса, 7-уі жеке- меншік. Жазғы кезеңде 56906 оқушы демалыспен қамтылған. Соның 33310-ы көгалдандыру бригадаларында, еңбек жасақтары мен мектеп орманшылықтарында еңбек етсе, 13026 бала әртүрлі үйірмелерге қатысқан. Балаларды туризмге тарту бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. 3426 оқушы облысымыз бен еліміздің көрікті жерлерінде болып, саяхаттап қайтты.
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің бөлім басшысы Зәуреш Хабдулина балалардың жазғы демалыс кезінде орын алған кемшіліктерді тілге тиек етсе, «Дискавери» балаларды сауықтыру орталығы директорының орынбасары Яков Стерлигов өздерінің атқарған жұмыстары жайлы баяндап берді.
Отырыс соңында шара барысында айтылған кемшіліктерді жою және келешекте ондай олқылықтардың орын алмауы үшін тиісті органдар тарапынан қатаң бақылаулар жүргізу жөнінде шешім қабылданды.
Жанат КӨШЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар