Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - АРҚА АЖАРЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Құрметті ақмолалықтар!
Биылғы жылғы Конституция күнін біз Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуындағы тарихи кезең деп атап өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атап өткелі отырмыз.
Осындай мереке күні біз Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сындарлы да салиқалы саясаттың арқасында өткен ғасырдың аяғында әлем картасында егемен елдің, ал, жалпыәлемдік саясатта «қазақстандық даму жолы» деген жаңа ұғым пайда болғанын ерекше бір қуанышпен сезінеміз.
Жалпыхалықтық референдумда республика азаматтарының өз еріктерімен қабылдаған Ата Заңымыз қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін жағдай жасап, Отанымызда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне тең құқықты қамтамасыз етті.
Біздің Конституциямыз Қазақстанның әлемнің мейлінше дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тарихи мақсаттары мен 2050 – Стратегиясы міндеттерін жүзеге асырудың берік негізі болып табылады. Негізгі заңның ережелеріне сүйене отырып, біз қоғамда бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, тұлғаның шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға, әр адамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Мемлекет басшысы бүгінгі таңда ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды, ең алдымен, индустриалды-инновациялық даму және жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер қойып отыр.
Осыны айқын сезінген ақмолалықтар ауыл шаруашылығын әртараптандыру есебінен Астананың айналасында сенімді азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Елбасының тапсырмасын бұлжытпай орындап, Президенттің бастамасынан бастау алған кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамыту жөніндегі және басқа да бағдарламаларды орындау жолында еселі еңбек етуде.
Ұлт Көшбасшысы қойған міндеттерге сәйкес Щучинск-Бурабай демалыс аймағы қарқынды дамуда. Облыс орталығы мен шағын қалалардың сәулеткерлік келбеті жақсарып, жолдар жөнделуде және аулалар мен көшелер көркейтілуде.
Әлеуметтік әріптестік негізінде ауылдардың жаңғыруы үшін жағдайлар жасалып, әлеуметтік инфрақұрылым жақсартылуда. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларының дамуына зор көңіл бөлінуде. Өңірімізде жаңа мектептер мен ауруханалар бой көтеріп, мектепке дейінгі мекемелер желісі кеңейтілуде.

Қымбатты жерлестер!
Сіздер еліміздің әрі қарай дамуы үшін лайықты үлес қосып келесіздер. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жақсылық, еңбектеріңізге табыс және тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі үшін жаңа биіктерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

 

Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!   
Ата Заңымыз Қазақстан халқының бірлігін асқақтатып, елімізде тұрып жатқан барша ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің тең құқықтылығын қамтамасыз етуде.  
Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесіне айналды және әлем елдері арасында ұлтаралық, дінаралық татулығы мен бірлігі жарасқан бейбітшіліксүйгіш саясатымен танылып отыр.   
Осы бір атаулы мерекеміз – қуаттылық пен сенімділіктің нышаны, көпұлтты Отанымыздың барлық әлеуметтік топтарының тұрақты өмірлік өрлеуі мен жасампаздылығының, барлық заңдарға бастау болған Конституциямыздың пәрменділігі мен өміршеңдігінің дәлелі.  
Құрметті ақмолалықтар, сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін, аспанымыз  ашық болып, ынтымағымыз нығая берсін!   
 Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!    
Ата Заңымыз – егемен еліміз үшін саяси да тарихи мәні бар айрықша мейрам, өйткені, Конституция  болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі.
Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Бүгінде Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында біз бірлігі жарасқан, күш-қуаты артқан тәуелсіз елміз. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Құрметті ағайын! Осы атаулы мереке қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке тілейміз, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!
«Нұр Отан» партиясы
облыстық филиалының саяси кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар