Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қалалық жастар ресурстық орталығы жұмысшы жастар арасында «Таланттар алаңы – 2016» шығармашылық фестивалін ұйымдастырды.
Аталмыш фестивальдің мақсаты – жастар арасында таланттар шоғырын анықтау. Фестивальдің ашылу салтанатында алғашқы болып сөз сөйлеген облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жас-тарды қолдау және әлеуметтік бастамалар бөлімінің басшысы Айсұлу Шәкімжанова шығармашылық байқауға қатысуға ниет білдірген жастардың белсенділігі өзгелерге де үлгі болатынын айтты. Содан соң қалалық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Анаргүл Белгібаева барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау барысында жастар өз кәсіптерінің шеберлері әрі өнерден де кенде емес екенін дәлелдеді. Өз мекемелерінің намысын қорғауға келген жұмысшы жастардың әуезді әндері көрерменнің құлақ құрышын қандырса, әсем билеріне барша жұрт тәнті болды. Байқаудың «Ең үздік би» тобы аталымы бойынша бірінші орынды «Нұр» сауықтыру кешенінің «Мисо» тобы иеленсе, екінші орынды «Думан» педагогикалық жасағы және үшінші орынды өзінің ерекше биімен барша жұртты таңқалдырған Юлия Радаева жеңіп алды. Ал, «Үздік орындаушы» аталымының жеңімпазы Нарғыз Құсайынова болды. Екінші мен үшінші орындарды Жарқын Серікжан және Индира Оспанова өзара бөлісті. Байқау соңында жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Назгүл РАБИЛОВА.