Аудан орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында аудандық жастар ресурстық орталығы «Қылмыспен күрес – басты міндет» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік қалыптастыруға бағытталған шараға «Нұр Отан» партиясының мүшелері және жас мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жиында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасындағы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі сөз болды.
Сонымен бірге, аудандық жастар ресурстық орталығы аталмыш марафон шеңберінде «Мен – адал азаматпын!» флешмобын өткізді. Мұнда жастар аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Дамир Түсіпбековтің «ANGELS» би студиясымен заманауи ырғақтағы би биледі. Ал, аудандық ішкі сая-сат бөлімінің басшысы Сәуле Нұркенова мемлекеттік қызметтегі рефорламалармен таныстырды. Өз кезегінде аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызхан Баешев өз баяндамасына ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар легін арқау етті. Флешмоб шағын концертпен жалғасын тапты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.