Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Граффити өнер ме, әлде ермек пе?.. - АРҚА АЖАРЫ

Граффити өнер ме, әлде ермек пе?..

Облыс орталығындағы Абылай хан алаңында өткен «Граффити – 2016» фестивалі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналды.

 

Бүгінде қала көшелерінен ғимараттардың қабырғаларына ашық та қанық түстермен салынған суреттер мен жазуларды жиі кездестіреміз. Оған біреулер ынтыға қараса, енді біреулер мән бермей өте шығады. Батыстан бас-тау алған мұндай көше туындыларын өнер деп бағалайтындар да бар. Ал, зерттеушілер болса, оны жеке тұлғаның өз көзқарасын халыққа жеткізудің балама түрі деп атайды.
Жалпы, граффитидің тарихы  ертеден басталады. Ерте замандарда қабырғаға салынған суреттер мен жазылған жазулар Шығыс елдерінде, Грекия мен көне Римде көптеп кездесіпті. Ол уақыттағы граффитилер пиктографиялық және қашалған суреттер күйінде қатты заттар арқылы қашап салынған. «Граффити» сөзін грек тілінен аударғанда «тырнау, қашау» деген мағынаны білдіреді. Заман өзгере келе, граффитиді – әріптік символдардан тұратын өнер деп бағалау орын алды. Ал, салынған сурет түріндегі граффитиде суретшінің жеке «мені» көрініс табады.
Кеңес қоғамында граффити тарихы 1920 жылдан бастау алады. Сол кезде қоғамға қатысты, билікке деген көзқарасын шығармашылық жолмен жеткізуге ұмтылған граффитиші жастар тауар вагондары мен ғимарат қабырғаларына түрлі кескіндемелер салған. Ол суреттер халық арасына айтарлықтай тез тараған. 1970 жылдардың ортасына қарай граффити Батыста өнер ретінде мойындалды. Ал, Қазақстанда 1990 жылдардан бастап қана дами бастады. Бүгінде елімізде граффити салумен айналысатын 50-ден астам топ бар көрінеді.
Шынында да үйлердің қабырғасына, көше қиылыстарына, машина тұрақтарына, не жолдың үстіне салынған суреттерге көзіміз үйреніп кетті. Әсіресе, Астана және Алматы қалаларында осындай беймәлім жазулар көптеп кездеседі. Олар кейде, тіпті көшенің көркін бұзып тұратын сияқты. Ал, сәтті шыққандары керісінше, көшеге сән береді.
Граффити салу біреу үшін – «сән», енді біреулерге – ермек болса, біреулер оны саясат және жарнама құралы деп есептейді. Тіпті, бұл саланың кәсіби мамандары арнайы жарнамадан миллиондап табыс табады екен. Шет мемлекеттердің көшелерінде арнайы тапсырыспен салынған мұндай жарнама суреттер көптеп кездеседі.
Енді облыс орталығындағы жастар мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен граффити фестиваліне қарай ойыссақ. Онда граффитишілер кенепке бояу құйылған баллондармен ұлттық нақышта сурет салып, өздерінің шеберліктерін ортаға салды. Шығармашылық жұмыстарды орындау үшін оларға ұйымдастырушылар тарапынан бір сағат уақыт берілді. Бұл ретте, еліміздің басты құндылығы – тәуелсіздік ұғымына қанат бітіріп, кенепке  әрлеген Нүрия Сүлейменнің суреті үздік деп бағаланды. Сол сияқты тарих тармағында алтын тұғырға ие болған  Қазақстанның тәуелсіздік алуын шығармасына арқау еткен Әлішер Төлегенов жүлделі екінші орынға ие болды. Ал, Вячеслав Каконов пен Диляра Тиюмова топтасып салған тәуелсіздік нышандары бейнеленген шығармашылық жұмыс үшінші орынға лайықты деп танылды.
Бұдан әрі аталмыш басқарма Тәуелсіздік алаңында жастар үшін «Open air» бағдарламасын ұсынды.

Ырысалды ШАМШИЕВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар