Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті ақмолалықтар! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздердің баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!  1 қыркүйек – біздің әрқайсымыз үшін ерекше күн. Бұл мереке шындығында баршахалықтық сипатқа ие, оны балалар мен мектеп өмірінен сағынышқа толы мөлдір естеліктер сақтаған үлкендер де атап өтеді.
Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде Қазақстан экономикалық және әлеуметтік салада, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қоғамдағы келісім мен татулық, сыртқы
саяси бағдардағы белсенді ұстаным еліміздің халықаралық қауымдастықтағы абырой-беделін барынша арттырып, дәрежесін көтере түсті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған оңтайлы саясатының нәтижесінде еліміздегі барлық сала, оның ішінде білім беру саласы да жан-жақты дамуға қол жеткізді. Біздің облысымызда да білім саласындағы оң өзгерістер көптеп орын алуда. Соңғы жылдарда заман талабына сай 41 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Республикалық «Балапан» бағдарламасы аясында 337 мектепке дейінгі мекемелер ашылып, қазір толыққанды жұмыс жасауда.
Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында да салада көп
шаруалар атқарылды. Таяуда ғана қайта жаңғыртылған және бүгінгі күн талабына сай жабдықталған Ақкөл балалар үйі пайдалануға берілді. Сондай-ақ, бүгін бірінші қыркүйек күні бірқатар жаңа мектептер оқушыларға есігін айқара ашпақ, ал, тағы бір мектеп қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде 1780 оқушы жаңа мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Білім күні облысымызда 112 мыңнан астам бала мектеп партасына отырады.  Дәл осы күні он бес мыңнан астам бүлдіршіндер тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, жаңа бағдарлама бойынша білім алуға кіріседі. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын бұл бүлдіршіндер үшін сол сәттен бастап қоршаған орта мен туып-өскен Отаны туралы мол мағлұматтар алып, таным дүниесін кеңейтетін жаңа өмір басталады. Ал, олардың ата-аналарына балаларының есейіп, мектеп табалдырығын аттауы бір қуаныш болса, дұрыс тәлім-тәрбие алуына жағдай жасау түріндегі  қосымша міндет те жүктелмек.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру сияқты жауапты міндетті мойындарына алған ұстаздар қауымына өз жұмыстарына шығармашылықпен қарап, ауыртпалықтарын мойымай көтерген еңбексүйгіштіктері үшін үлкен алғысымды білдіремін. Шыдамдылықтарыңыз бен мейірбандықтарыңыз үшін бас ие отырып, Елбасымыз алға қойған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бағытында жемісті еңбек ете берулеріңізге шын жүректен тілектестігімді білдіремін.
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар!
Құрметті оқушылар мен студенттер!

Сіздерді Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн өмір бойы нәр алатын ең басты құндылық – білімге жол ашады. Бүгінде сапалы білім тұлғаның, оған қоса, қоғамның жан-жақты дамуына негіз болады. Жаңа жағдайдағы жаңа міндеттерді тек  білімді әрі  жақсы дайындықтан өткен бесаспап мамандар ғана шешуге қауқарлы.
Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  жүргізіп отырған саясатының арқасында  Қазақстанда барлық экономикалық және қоғамдық  жаңғыртулардың сұранысына жауап беретін тиімді әрі  заманауи білім беру жүйесі  құрылды.
Осы атаулы күні  оқушыларына алтын уақытын, күшін, білімі мен мейірімін арнайтын педагогтарға айрықша ризашылығымды білдіргім келеді. Жаңа оқу жылы сіздер үшін табысты әрі қуанышқа толы болсын. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және білім шыңын бағындыруда толағай табыстарға жетулеріңізді тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

 

Құрметті ұстаздар,
ата-аналар, оқушылар!

Көп жылдардан бері қыркүйектің бірінші жұлдызында халықтық мерекеге айналған Білім күнін тойлаймыз. Бұл игі дәстүр біздің қоғамдағы білім мен ғылымның алатын орнын айшықтайды.
Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған мемлекетті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруда білім беруге, сапалы мамандарды даярлауға айрықша мән беріледі.
Елбасының арқасында экономикалық және қоғамдық жаңғыру талаптарына жауап беретін заманауи білім жүйесі құрылды. Бұл жүйе Ақмола облысында сәтті жүргізіліп келеді. Мемлекеттік тілді дамыту, көптілдік білім беру, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мемлекеттік шәкіртақысын игеру, экономиканың жетекші салаларына кадр даярлау үшін әлеуметтік серіктестікті нығайту секілді бағыттарда қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Біздің облысымыздың оқушылары республикалық және халықаралық түрлі байқауларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Биылғы өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы да оқушыларымыздың білім деңгейінің артып келе жатқанын көрсетті.
Мұның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті билік органдарының білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайтып, жаңа мектептерді салу бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарсыз мүмкін емес.
Бұл әрине, білім алушылардың сапалы білімі, мектептердегі, орта және жоғары оқу орындарының педагогикалық ұжымының аянбай еткен еңбегінің нәтижесі. Сол үшін де үлкен алғыс айтамыз.
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Барлық білім алушылар мен студенттерге, ұстаздар мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге, талантты, білімді барлық жандарға мықты денсаулық және амандық тілейміз!

 «Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының саяси кеңесі.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар