Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үнемшілдік: жоспар және нәтиже - АРҚА АЖАРЫ

Үнемшілдік: жоспар және нәтиже

Облыстық экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының және Қоғамдық кеңестің бірлескен мәжілісінде «Ақмола облысында 2013-2015 жылдарға арналған энергия қуатын үнемдеу жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы туралы» мәселе қаралды. Мәжіліске облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдин қатысып отырды.

Облыстық мәслихаттың депутаттары және Қоғамдық кеңестің мүшелері, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары, Көкшетау және Степногорск қалалары әкімдерінің орынбасарлары, «Көкшетау жылу» кәсіпорнының басшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиында энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаев баяндама жасады. Үш жылға арналған жоспарда 95 іс-шара қарастырылса, оның 78-і орындалған, ал, 17-сі орындалмаған күйінде қалған.
Мәжілісті жүргізіп отырған облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Серік Аяғановтың  айтуынша, күн тәртібіндегі мәселе өте өзекті болып табылады. Оған жоспарды жасау және орындау барысында да көптеген мәселелердің туындағаны айқын дәлел. Жалпы, жоспардағы шараларды орындауға 249,8 миллиард теңге қаржы қарастырылса, оның 240,9 миллиард теңгесі кәсіпорындардың өз қаржысы көрінеді. Үш жыл ішінде кешенді жоспарды орындау жөнінен 118,3 миллиард теңге қаржы игеріліп, жоспар небары 52,6 пайызға ғана орындалыпты. Осыған байланысты жоспарды орындаушыларға мәжіліске қатысушылар тарапынан сауалдар қардай жауды десе де болады. Өйткені, көп нәрсе түсініксіз. Бір қарағанда, осы жоспардан күтілген нәтижелер жаман емес. Жылу энергиясы бойынша 22 мың Гкал үнем жасау көзделсе, іс жүзінде 173 Гкал немесе көздегеннен 8 есе көп үнем жасалған. Сол сияқты судан, көмірден, мазуттан да үнемделген қаржы айтарлықтай. Бірақ, қағаз жүзінде осылай көрінгенімен, ешқандай талдау жоқ. Бұл үнем қалай есептеліп отыр, бұрынғы жағдай қандай еді, тағы осы сияқты сауалдар ашылмаған күйінде қалғаны өкінішті.
Бүгінгі таңда облысымызда автокөліктердің көбі  сығымдалған газға көшуде. 2015 жылдан бері ғана бұл көрсеткіш үш есеге өскен. Сондықтан, үнемделуі тиісті энергия қуаттарына осы сығымдалған газды да қосу жөніндегі ұсынысты мәжіліске қатысушылар түгел қолдады. Мәжілісте Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдерінің орынбасарлары Шамрат Сәдуақасов, Сағындық Шабаров өз қалаларындағы үнем мәселелерінің шешілуі жөнінде айтып берді. Облыс орталығында 260 жылу есептегіші орнатылса, Степногорскіде де электр қуатын үнемдеуде белгілі бір ілгерілеушілік бар. Мұнда датчик қою арқылы судың жұмсалуы да қатаң есепке алынуы құптарлық.
Жалпы, үнем мәселесі күн тәртібінен ешбір түспеуі тиіс. Осы жұмыс облыстық білім басқармасы бойынша да бірсыдырғы қолға алынған. Басқарма басшысы Балым Ізбасарованың мәжілісте айтқанындай, электр қуатынан 91 миллион теңге үнем бар көрінеді. Әңгіме бірден-бірге көшіп, бұл жолы мәжіліске қатысушыларды тұрғын үйлерді модернизациялау, жылу есептегіштерін көптеп орнату мәселелері де алаңдата түсті. Сөйтіп, осы жұмыстарды да неғұрлым дұрыс жолға қоюдың жолдары сөз болды. Нәтижесінде бірлескен мәжіліс энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасын алдағы екі ай уақыт ішінде 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспардың бүгін айтылған кем-кетік тұстарына назар аударуға,  сөйтіп, жаңа жоспарда оларды қайталамауға міндеттеді. Бұл ретте, тұрақты комиссия белгіленген мерзімнен кейін осы мәселеге қайта оралып, оны тағы бір пысықтай түспекші. Ал, мұның өзі ортақ істе өз нәтижесін бермей қоймасы айқын.
Бұдан әрі Дулат Нұрмолдиннің төрағалығымен облыстық Қоғамдық кеңестің мәжілісі өтіп, онда денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бірқатар заң актілері бекітілді. Басқарма басшылары толық мағлұмат бергеннен кейін кеңес мүшелері олардың әрқайсысын жеке-жеке талқылап, қолдау керек деп шешті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар