Ақмол ауылының тұрғыны, «Болашақ» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Қапанов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдаумен айналысатын инватакси қызметін ашты.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша бүгінгі күні ауданда түрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі 1200 адам тұрады. Оның ішінде 70 мүгедек «арбаға» таңылған. Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қолға алынғаннан бері ауданда
72 адам шағын несие алып, өз кәсібін ашқан.
Инватакси жұмысының арқасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз жұмыс орындарына, халыққа қызмет көрсету орталығына және өзге де керек жерлеріне жайлы жетуіне болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.